ещё раз Бізге орыс әдебиетінен бір жас мұғалім сабақ берді. Бір күні ол сабақ
үстінде маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкен оқиғаларын»
дауыстап оқытты. Өзге балалар ұйып тыңдап отыр. Сабақта біз оны оқып
үлгермедік. Кейін мен оны бір жолдасымнан алып, қызыға оқып шықтым.
Содан бастап менің ермегім тек қана кітап оқу болды.
Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап
– барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап
оқып, оның көмегімен үздік білім алу керек.
10.Мәтін не туралы?
А) орыс әдебиеті
В) кітап
С) жас мұғалім
Д) Том Сойер
11.Автор кітапты қайдан алып оқып шықты?
А) кітапханадан
В) көршісінен
С) жолдасынан
Д) мұғалімінен
12.Мұғалім шығарманы қалай оқытты?
А) дауыстап
В) іштей
С) ақырын
Д) отырып
13. Асты сызылған сөздің мағынасын көрсет.
Бір күні ол сабақ үстінде маған Марк Твеннің «Том Сойердің басынан
кешкен оқиғаларын» дауыстап оқытты.
А) сабақ аяқталғанда
В) сабақтан кейін
С) сабаққа дейін
Д) сабақта
14.Екінші азат жолда не туралы айтылған?
А) Марк Твеннің кітабы туралы
В) жас мұғалімнің сабақ беруі
С) кітапты жолдасынан алып оқуы
Д) кітап туралы
15.Мәтінде есімдіктің қандай түрлері кездеседі?
А) жіктеу, сұрау, өздік
В) жіктеу, өздік, белгісіздік
С) жалпылау, сілтеу, сұрау
Д) өздік, болымсыздық, жіктеу