Көнерген сөздер Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді
көнерген сөздер дейміз. Көнерген сөздер тарихи сөздер және архаизмдер болып екіге бөлінеді
Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар.
1. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, т.б.;
2. Қазір пайдаланылмайтын қару-жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, 1б.;
3. Кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл отау, қызыл әскер, отарба, т.б. сөздер жатады.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа
сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Архаизмдерге мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия,
патсайы, т.б.
Әдет-ғұрып атаулары сауын айту, ұрын бару, бесік құда, бесік құда, барымта, т.б.
Үй тұрмысы, киім-кешек, ыдыс-аяқ атаулары лашық, жаппа, шпидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже, т.б.
Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде
қолданудан шығып қалған діни сөздер (имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран, т.б.), бұрынғы жыл атаулары (барыс,
жылқы, қоян, ұлу, т.б.), ай атаулары (наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек, т.б.) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік
алғаннан бері қайтадан жаңарып, қолданыла бастады.
1-тапсырма. Оқылым мәтінінің құрылымына талдау:
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлімде не Негізгі бөлімде
жөнінде айтылған? қандай мәлімет
берілген?
Қорытынды
бөлімнің түйіні
қандай?
2-тапсырма. Оқылым мәтініне қарапайым
жоспар құрыңдар.
Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме? тақырыбына диалог құрастыру.
Дәрігер: Сәлеметсіз бе, қандай шағымыңыз бар?
Емделуші: Қайырлы таң, дәрігер мырза! Кеше түстен бері өзімді жайсыз сезініп, басым ауырып, қан қысымым жоғарылап кетті. Түнде де дұрыс ұйықтай алмай, таң атысымен қабылдауыңызға келіп отырған жайым бар. Кеше ауа райы да бұзылып, жайсызданып кетті ғой. Осы ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?
Дәрігер: Жеңіңізді түріп жіберіңізші. Қан қысымыңызды тексеріп көрейін. Жалпы ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған. (...) Қан қысымыңыз бен жүрек қағысыңыз жоғарылап тұр.
Емделуші: Енді не істесем болады? Емдік шараларын қолдануым керек пе?
Дәрігер: Иә, қазір жас ерекшелігіңізге байланысты қабылдайтын әрі қан қысымын түсіретін дәрі жазып беремін. Ол дәріні әлеуметтік дәріханадан тегін алып, нұсқаулыққа сай пайдаланып, екі күннен кейін тағы да бір тексерілуге келіңіз. Үйде жағдайыңызды бақылап тұрыңыз, себебі қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криз секілді аурулардың дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған.
Емделуші: Жақсы, көп рахмет, дәрігер мырза.
Дәрігер: Сау болыңыз, ауырмаңыз.