М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
DorzayS
DorzayS
25.01.2022 23:49 •  Қазақ тiлi

Шоқтығы биік ғалым Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көптеген еңбек сіңірген. Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор. Ол 1904 ж. 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әкесі Хақан – атақты Олжабай баҺадүрдің тікелей ұрпағы. Әлкейдің әкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыз-әфсаналарын білген. Жай отындай жарқыраған, қағілез бала бес жасында оқып, жаза білуді үйренеді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастандарын оқып, жатқа білген. Хақанның шаңырағында қазақ даласына белгілі адамдар жиі бас қосқан. Құймақұлақ Әлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасында гимназияда оқу үшін Екатеринбургке сапар шегеді, алайда Азамат соғысында опат болып жатқан а ға әсер етуінің кесірінен оқи алмайды. 1919 жылы Әлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, оны бітірген соң туған ауылына оралады да, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Семей техникумына оқуға түседі. Одан кейін Ленинградқа оқуға барады. Ленинградта оқып жүргенде-ақ зерттеушілікпен айналысады. Әлкей елге келгеннен кейін де көп ізденіп, түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді және көне жәдігерлерді тауып, мұражайға тапсырады. Ол жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы» деген монографиялық еңбек жазады. Кейін Орталық Қазақстанды зерттейді. Әлкей Марғұлан қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді.

Көнерген сөздер

Неологизм сөздерДисфемизм

Эвфемизм сөздер

👇
Открыть все ответы
Ответ:
lesja021
lesja021
25.01.2022

Дамыту (градация)- алдыңғы сөзден соңғы сөздің, алдыңғы ой-пікірден кейінгі лебіздің, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Бұл көркемдік тәсіл құрылыс, жүйесі ұқсас бірыңғай сөйлемдердің іріктеліп шығуына, ой-пікірдің өткір, әсерлі айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең еріс ашады. Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген өлеңіндегі «Сергі, көңілім, сергі енді!», «Ұш, көңілім, кекке, кергі енді!», «Өрбі, сезім, өрбі енді!» деген шумақ аралық жолдар дамытуға құрылған. Сондай-ақ, ақынның Отыз жетінші сөзінде: «Биік мансап - биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады...» немесе Бесінші сөзіндегі «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» деген жолдары да дамыту әдісіне жатады

4,4(60 оценок)
Ответ:

Объяснение:

“Батыр Баян” поэмасы – Мағжан Жұмабаевтың қаламынан туған шоқтығы биік шығармаларының бірі.Бұл поэма – қазақ топырағында туған тұңғыш психологиялық поэма.Шығармада Баянның елін сатып,қалмақ қызымен бірге қашқан туған бауыры Ноян мен сүйген қызы Бөбекті өз қолымен атуы,кейін қалмақтармен соғыста қаза табуы баяндалған.Баянның бұл әрекеті біз үшін құпия түрде қалады.

Батыр Баянның батырлығында,жаугершілігінде шек жоқ.Ол бір өзі талай жаудың бетін қайтаруға әлі жетеді.Поэманың басындағы:

Көп жаудың албастысы, ел еркесі

Баянның батырлығы алашқа аян.

Баянның аруақты құр атынан

Кӛп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ қоян?-деген жолдар менің сөзімнің дәлелі.

Баянның өз қолымен туғаны мен сүйгенін өлтіруі қызғаныштан емес еді.Иә,хабарды естігенде ол ақылынан айырылып,ашуға мінді де кете барды.Алайда,бұл жауапсыз махаббаттан не дәрменсіздіктен емес.Бұл ісі оның Отанына адал да берік,намысқой,ерлік қасиетін көрсетеді.Менің сөзіме поэмадағы Баянның:

Арқамдай жер жүзінде жер бола ма?

Айбынды алашымдай ел бола ма?

Алашта ертеде өткен екі арыстан:

Ер Көкше, Ер Қосайдай ер бола ма?

Солардың нәсілінен Сары, Баян,

Барыстай ойын салған сар далада.

Інісі Ер Баянның жасық Ноян

Атадан азып туған дер бола ма?,-деген зары дәлел.

Қорытындылай келе айтарым,бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын,сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз.Бұған қоса поэма арқылы тарихымыздың да бейнесін көре аламыз.Ал,батыр Баянның ерлік істері қазіргі жастарға өнеге.

4,7(84 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ