Қиял шығармашылық бастауы расыменде,
Өмірде қиялдап,армандамасаң мақсатыңа қалай жетесің? Кейбіреулер арманды бос қиялға теңейді менің ойымша арман мен қиял егіз ұғым. Қиялдап өз арманына жеткендер аз емес. Қиялдап менде дәл қазір өз шығармашылығымды бастадым. Қиялдап көзіңді бір сәтке жұмып көрші кейбіреулердің көз алдына ерекше бір сурет,біреулерге өлең жолдары,ал,енді біреулерге құлақтарына әуен келер. Міне,қиял адамның арманынан туады. Әр адамның өз арманы,өз қиялы болады. Және армандап қиялдай отырып,өз мақсатына жетеді.Барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Міне әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби атамыздың ұлы сөзі де осыған дәлел. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығушылықтары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады; Сөз соңында өміріміз қиял-ғажайыпқа толы болғай дегім келеді
Қазақтың ұлттық қолөнері.
Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.
Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.
Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.
Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.
Объяснение:
Шортанбай Тәуелсіздікті талай аңсады осы Тәуелсіздікті көру үшін өлең жазды халыққа жанашыр болды ол халықтың қиналып ішер асы болмаған қайғырды ал байларды ұната қоймады ол кезде қиыншылық болғанда байлар ұрлық жасайды адамдардың малы азаяды халық жұт болама деп қорқады халықтың сауып ішер сүтіде болмады сол кезде парақорлар көбейді биліктегілер жаман болды осыны көзбен көрген Шортанбай шыдамады ол Тәуелсіздікті бостандықтағы қиналмайтын елді көргісі келді