Жазғы демалыс жайлы диалог
- Оқу жылының аяқталуына да бірер күн қалды. Бекболат, сен жазғы демалыста не істейсің?
- Биылғы жылғы жазғы демалысты тағатсыздана күтіп жүрмін, себебі ата – анам туған күніме арнайы ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға жолдама сыйлаған болатын.
- Не деген керемет сыйлық! Сен үшін өте қуаныштымын! Қашан жол жүрмексің?
- Маусымның бірінде жолға шығамын.
- Жалғыз өзің шетелге шығуға қорықпайсың ба?
- Жоқ, қорықпаймын, себебі мен жалғыз бармаймын, ағылшын тілін шыңдау мақсатымен қаламыздағы басқа мектеп оқушылары да менімен бір топта болады.
- Е, онда жақсы екен. Аман – есен барып келуіңе және біліміңді шыңдап келуге тілектеспін.
- Көп рахмет, Мәди. Бар ынта – жігерімді осы оқуға арнаймын ғой, себебі мен өз болашағымды шет тілдерімен байланыстырамын.
- Жақсы, көріскенше!
- Сау бол!
1-тапсырма.
1.Талап ету.
2.Міндет қылу.
2-тапсырма.
Көптен бері ең бағалы металл алтын болған.Алхимиктер ғасырлар бойы әр бөлшектерден алтын жасамақшы болған.1885жылы алюминий ең құнды металл болып есептелген.Оны құны алтын мен күмістен жоғары болған.Француз офицерінің формасындағы алюминий түйме оның жоғары тектілігін көрсеткен.Әлемде өндірілген титанның 7%ғана машина істеу өндірісінде қолданылады.13%-қағаз өндіруге,20%-пластик өндіруге,60%-красска өндіруге жұмсалады.
3-тапсырма.
1.Өнеркәсіп өрге басар.2.Техникаң болса тіленбе.3.Өнеркәсіп -өнерің.4.Техника-тірегің.
5.Өнерлі өнеркәсіп ашар.