
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
1.Экологиялық мәселелер ғаламдық сипат алуда себебі адам табиғаттан өз керегін алып,келтірілген зиянның орнын толтырудың орнына табиғатқа әрі қарай зиян келтіруде.
2.Қоршаған ортаның ластануы-азон қабығының жұқаруына,солтустүкте мұздардың еруіне,қышқыл жаңбырдың жаууына тағыда басқа экологиялық апаттарға әкелді.
3.Әскери полигондарда органикалық отынды жағу кезінде азот пен күкірттің қос тотықтарының ауаға тарау себебінен қышқыл жаңбыр пайда болады.
4.Осындай жаңбырдан соң Жер-Ана қабаты қышқылданып бүлінеді,ауыл шауашылық дақылдарының өнімділігіне кері әсер етеді.
5.Экологиялық тәрбие дегеніміз- адамзаттың іс әрекетіне тоқтау сала отырып,экологиялық жағдайды жақсарту.