Әдеби әлемнің танымал туындылары оқырманына дәуірдің тыныс-тіршілігі мен тарихи кезеңдері, әлеуметтік теңсіздік пен қоғамдық құндылықтар, сондай-ақ автордың тебіреністері жайында сыр шертеді. Абайдың ұлы поэзиясы, Толстойдың тарихи прозасы, Ибсенның новаторлық драматургиясы біз үшін өткен күндердің картинасын құруға және де сол заманның әлеуметтік санасына кіріп кетуге мүмкіндік береді. Әрине, бұның барлығы да әдебиеттің құдіретті күші. Ол бізге шетел асып, шекараны бұзуға көмектеседі: түрік әлеміне жақын боламын десең, Памуктың романдары, ал үндістердің өмірімен танысамын десең, Рушдидың прозасы бар. Алайда, жазушы болу — үлкен жауапкершілік, әрі кез келгеннің қолынан келе бермейтін өнер. Содан болар, қазіргі жазушылардың көтерген әдеби жүктерінің ауырлығы соншалық, посткеңестік кеңістікте ұлттық проза кенжелеп, жазушы деген атақ құнсызданып бара жатқандай...
Дүние жүзінде алғаш рет ғарышты зерттейтін "Жердің жасанды серігі"-1957жылы 7қазанда аспан кеңістігіне шығарылды.Осы уақыттан бастап адамзат ғарыш кеңістігін зерттей бастады.Ал қазіргі уақытта жерді айнала жүздеген Жердің жасанды серіктері ұшып жүр.Олар арқылы радио мен теледидар хабарлары тезарада дүние жүзіне таратылды.Жердің жасанды серіктері арқылы ауа райын дұрыс және дәлдеп болжауға мүмкіндік туды.Теңізде жүзген кемелер мен ұшақтар бағытын бұрын жұлдыздарға немес Ай мен Күнге қарап болжайтын болса,қазір бұл Жердің жасанды серіктерінің көмегімен жүзеге асады.