Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қаншама үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мән кетіп, сұрықсыз бір дүниеге айналды.
Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып-типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің дәлелі еді.
Кейіпкер Манап-сабырлы,салмақты,бауырмал,мейірімді,кешірімді,жетімдіктің қиындығын көріп шындалып өскен,өз күшімен жоғары оқуға түскен ақылды қараторы жігіт.Бауыры Қалиға құшағын жая ұмтылды.Алыстан бауырын іздеп келіп,Қалидың іс-әрекетін жатсынсада,оны ойымен ақтап,іштей қиналып,бауырын тапқанына қуанады.
Кейіпкер Қали-спортсмен,алғыр,қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын,оысша сөйлейтін,арманы ұшқыш болғысы келетін жасөспірім.4 жасынан интернатта өсіп,туыс көрмеген Қали Манапты жатсынады.Жаттығып жатқанда шақырған тәрбиешіге наразы болып сөйлейді.Ол қазір бауырымен кездескеннен көрі жарысқа дайындалып жаттыққанды жөн санап тұрды.Алыстан іздеп келген бауырына орысша сәлемдесіп,кетуге асығып тұрды.
Объяснение:
синоним к слову желанный - Долгожданный, вожделенный вожделенный...