Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді. - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті. - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі. Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті. «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.
Жеті қазынаның бірі "Жеті қазынаның бірі" саналатын ит он екі мүшел жылдың бірі, жеті қазынаның бастысы. "Ит" сөзінің түрік тілдеріне ежелден төл атау екендігін ертедегі түркі жазба ескерткіштеріндегі деректері дәлелдейді ("Древнетюрский словарь", Л., 1969, 215-6.). Түрік тілдерінің кез келгенінде болса да "ит" сөзі дыбыстық құрамы жағынан бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы: татарша "эт", туваша "ыт", өзбекше "ит", түрікменше, қырғызша да "ит" (осы тілдердің сөздіктерінен). Түрік тілдерінің ішіндегі ең көне деп саналатын саха мен чуваш тілдерінен байқайтынымыз: сахаша "ит" ("Рус. -як. сл." М., 1968, 593-6.), чуваштар "йыта"("Чув. -рус, сл", М., 1985. 132-6.).
қандай айтындвр