М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
timatimakarov
timatimakarov
19.10.2022 14:52 •  Қазақ тiлi

Мини сосинение на казахском "уважение к старшим"

👇
Ответ:
OOAAAOO
OOAAAOO
19.10.2022

Ертеден тағылымы мол қазақ халқымыз "Баланы жастан" деп рухани құндылықтарымызды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған. Жас шыбықты жастайынан халық ауыз әдебиетімен суарып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, ұлтжандылыққа тәрбиелеген.Сонымен қоса отбасындағы қағида - әке-ана құрметі, үлкенді құрметтеу, кішіні ізеттеу. Бала тәрбиесі бесіктен деп ұғынған отбасы әр баланың тәрбиесін, түздегі қылығын қадағалап отырған. Өйткені, тәрбиелі адам - тағалы атпен тең деген. Ата- анаға деген сыйластықтың негізінде бала көкейінде " Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды" деген халық даналығы қалыптасқан.

Жастар біздің қоғамның негізгі тірегі. " Болашағыңды білгің келсе, бүгініңе қара" демекші, әр қоғам елдің болашағына алаңдайды.Сол сияқты, біздің қоғамда орын алып жатқан келеңсіз мәселелер бар. Соның бірін қозғасақ, жастардың қоғамдық көліктердегі әрекеті. Аяқ - қолы балғадай жастардың қоғамдық көліктерде құлақтарыңа құлаққап тағып алып, көрсе де көрмегенсіп отыра беретіндерін көзіміз көріп жүр. Керісінше жасы үлкен адамға орын беріп, "рақмет, көп жаса" деген бір ауыз жылы лебізің естігенге не жетсін? Өйткені  «қартайған шағыңда өзіңді басқалар құрметтеу үшін жас кезіннен қауқары қайтып, сақал – шашы ағарған кісіге ізет қыл» дейді.  Бауыржан Момышұлы атамыз " Қарт адам - ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты " деген қарияларымызға сый- құрметімізді аямайық, әр сөзінен ғибрат ала білейік. Кәріліктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Ұлықпан Хакім мың жасаған дейді, ешкім мың жасамайды, тек өсіп-өнген, тәрбиелі ұрпағымен мың жасайды.  «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» екенін есімізден шығармаған жөн болар.

4,5(97 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
izotika1
izotika1
19.10.2022
Менің сүйікті пәнім - ағылшын тілі. Неліктен дейсіз бе? Біріншіден, жаңа тілді үйрену маған ұнайды. Тілмен бірге сол халықтың ерекшеліктерімен, мәдениетімен танысасың. Екіншіден, ағылшын тілі халықаралық тіл болып саналады, яғни оны білу арқылы мен халықаралық қатынастарға түсуге, не басқа мемлекеттерден келген адамдармен оңай тіл табысуға мүмкін аламын. Үшіншіден, ағылшын тілін тереңірек оқыған сайын онда кездесетін "тұрақты тіркестер" (идиомалар), ауыспалы мағынада құралған сөздерге таңданамын. Тіпті өзімді жаңа материк ашқандай сезінемін! Төртіншіден, қазіргі таңда бар әдебиеттердің көбісі ағылшын тілінде жазылған. Ол әдеби кітап болсын, не ғылыми дерек болсын, көбісі ағылшынша. Сөйтіп, мен бұл тілді білу арқылы ой-өрісімді дамыта аламын. Міне, осы 4 аталған факторлар менің ағылшын тілін сүюіме себеп. 
4,5(79 оценок)
Ответ:
ivanm29
ivanm29
19.10.2022
Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?
Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: "Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды", -деген болатын.
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағатгай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
4,7(23 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ