М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
сашагушцщц
сашагушцщц
22.06.2022 01:41 •  Қазақ тiлi

Қазақ халқының рухани жәді- герлерінің ішінде мақтаныш етер бай
мұрасының бірі дәстүрлі әндері.
Музыка зерттеушілері халқымызда
5 мыңнан аса күй, 12 мыңға жуық ән
бар екенін айтады. Бұл - қазақ әншілік
өнерінің сан ғасырлық даму тарихы
бар екендігінің бірден-бір айғағы.
Киелі қара домбыра
қарт
қобыздың сүйемелдеуімен aiты-
латын дәстүрлі ән өнері кемел куры-
лымымен, кең диапазон, күрделі
ырғақ-иірімдерімен
ерекшеленеді.
Талай ғасыр сүзгісінен өтіп, бүгінге
жеткен дәстүрлі ән өнерінде шартты
түрде бірнеше мектеп қалыптасты.
Халықтық ән дәстүрінде орындаушылық ерекшеліктеріне қарай аймақтық
мектептерге бөле оқыту тәжірибесі қалыптасқан. Шартты түрде Арқа мектебі,
Жетісу мектебі, Батыс Қазақстан мектебі деп бөлінеді.
1. Арқа мектебі қазақы әншіліктің мейлінше дамыған саласы болып
табылады. Арқа мектебінің өкілдері: Біржан, Ақан, Балуан Шолақ, Майра
Уәлиқызы, Шашубай, т.б. Арқа әндері біркелкі еркін ырғақпен айтылады,
диапазоны мейлінше кең болады. Арқа әндерінің кәсіби мектебін жасағандар -
Ж.Елебеков, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосыновтар.
2. Жетісу мектебі қазақтың көне әндерінің мол сақталған әншілік өнер
шоғыры саналады. Орындалуы мен домбырада сүйемелденуі Арқа әндеріне
ұқсас. Жетісу әншілігінің көрнекті өкілдері ретінде Жамбыл, Кенен, Дәнеш
Рақышевтарды атай аламыз. Жетісу ән мектебінің кәсіби тұғырын қалаған
Ж.Кәрменов, оның ізін жалғастырушы шәкірті – Е.Қосбармақов.
3. Батыс Қазақстан әншілік мектебінде төкпелі жыр негізінде синтез-
делген желдірмелі әндер Мұхит әндері арқылы жаңа белеске көтерілді. Бұл
мектептің басында Ғарифолла Құрманғалиев, Әли Құрмановтар тұр. Ғ.Құр-
манғалиев осы мектептің жеке арнаға айналып, үлкен өнер саласы болуына
көп тер төкті.
Сұрақ,Тұйінді сөз

👇
Открыть все ответы
Ответ:
andrekunshin
andrekunshin
22.06.2022

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалықкелісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.Натуралды деп адамдардың өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізуге ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Натуралды шаруашылық қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық қоғамда орын алды. Өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталады; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді.Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді

Объяснение:

4,6(91 оценок)
Ответ:
Undina705
Undina705
22.06.2022
Көліктің рулін ұстағаныма жылдан асты. Менің машина алғаным да қызық болды, аяқ астынан асығып үсігіп бір аптаның ішінде алып тындым, онда да бір әйелдің мініп жүрген машинасын тартып алғандай қып сатып алдық. Себебі машина таңдап берген танысым осыны алсаң өкінбейсің деген еді. Сонымен, машинамды ГАИ дың қасында, ақшасы төленіп, құжаттарды толтырып болғасын бір-ақ көрдім. Қызыл түсті 95 жылғы Гольф-3. Механика, көлемі 1.8, қосымшадан аэрбагы мен кондиционері бар. Машина бір көргеннен ұнады, Германияда әйел адам жүргізген, Қазақстанда да солай, ешбір қиналмаған, салоны тап-таза, жүргенде ешбір сықыр естілмейтін машина екен. Тағы бір ұнаған жері электропакет емес, сондықтан терезесі ашылып-жабылмай қалады, т.б. деп қорықпайтын болдым. Қарапайым, түсінікті, ықшам, жылдам және тіл алғыш машина. (Оның бәрін қазір түсіндім ғой, басында ештеңе түсінбейтінмін). Хош, сонымен машина алынды, жайлап жүре бастадым. Осы бір жыл ішінде байғұсқа иттің тынымдай тыным болған жоқ. Мен вахтада жүрген кезде інім, вахтадан келгенде өзім әйтеуір бір күн тыным көрген емес. Қай жері бұзылды деген сұраққа келсек – ең ірі көлемдегі жөндеуім бензонасосын ауыстырғаным. Қытайдыкін салдым, 5500, жұмысымен 7000 ға шықты. Майдың датчигін, бензиннің фильтрін ауыстырдым, комплект свечи ауыстырдым. Сосын әрине май ауыстыру, фильтрін ауыстыру, ауа фильтрі, қыстық-жаздық жаңа дөңгелектерін есептемегенде. Олар кез-келген машинада жасалынуы керек, су жаңа болмаса әрине. Болды. Сонымен жылдын 4 мезгілінде тыным таппайды, ішіне құрылыс жүрген кезде ағаш, цемент, кірпіш, тұрба т.б.материалдар салынып тасылды, қысқасын айтқанда бір Газельдің қызметін атқарды десе де болады. Трассада 120-130 ды қиналмай ұстайды, одан артыққа көтермеймін, жол жаман. Қыста аккумуляторы күшті болса бір салғаннан оталады (тьфу-тьфу).Ішқұрылысы қарапайым, кез-келген ТЖО да қарай береді, бөлшектері арзан. Жеңіл-желпі балшықтардан шебер айдасаң өтіп кетеді. Тек клиренсімен балшық сүзіп, радиаторды бітеп алмау үшін ондайдан қашамын. Жалпы машинамды өте жақсы көрем және әзірге ауыстыра қояр ойым жоқ. Берер бағам – немістердің шығарған ең қарапайым және сапалы көліктерінің бірі. Соңғы шыққан Гольф -4, 5 модельдер ұнамайды. Несімен? Бірінші бұрынғы сапалы металл мен салонның сапалы пластигі жоқ. Мысалға көлемі 1.6 Гольф -4 оған қоса кондері бар, бізді ыстықта және біздің жолдарда өте тиімді машина емес, өз денесін өзі тарта алмайды деді бір танысым. Сатайын деп жүр. Сондай ақ мысалға Хюндай Аксенттер сырты әдемі болғанмен ішіне отырсаң картон қағаздан жасалғандай әсер береді.
4,7(94 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ