М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Wkdj13737
Wkdj13737
07.09.2021 06:01 •  Қазақ тiлi

9-тапсырма. Қазақ халқынан шыққан бір тарихи тұлғаның өмірбаянын жаз. Сөйлем ішінде көнерген сөздердің орынды қолданылуын қадағала.

👇
Ответ:
3vovo4ka3
3vovo4ka3
07.09.2021

Объяснение:

Бұл жұмыс ұлы Абылай ханның өмір мен қызметі туралы қысқа очерк пен негізгі даталардан тұрады, белілі жазушылар мен ғалымдардың еңбектері пайдаланылған.

Хан Абылай – Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіре алған көрнекті мемлекеттік қайраткер. Ол ел билеген кезде мемлекетте айтарлықтай өзгертулерді жүзеге асырды. Хан Абылай (1771-1781) – барша қазақ даласында беделі талассыз болған соңғы қазақ ханы.

Драмалы, тіпті, аңыз өмір, батыл мінеі, ерекше дарындылық – жетім Әбілмансұрға ұлт батыры болуды жазды. Оның қазақ тарихындағы орнын бағалау қиын. Ол – азаткер-батыр, дана билеуші, шебер мәмілегер.

Жас сұлтанның басты мақсаты халық қалауындай айбарлы жауға қарсы күрес болды. Абылай көреген саясаткер ретінде Қазақ хандығы үшін басты қауіп екі ірі держава – Ресей мен Цин империясында жатқан жоңғарлардың басқыншылығы екендігін жақсы түсінді. Оның халық алдында және Әбілмәмбет хан алдында беделі болды. Сырттағы қауіппен күресе жүріп, Абылай хан қазақ жерін біріктіруге көп күш жұмсады.

Жас ұрпақ Абылай хан арманының жемісі – қазіргі Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуы керек, ішкі келісім мен бейбітшілікті сақтау жолында қыхмет етуі керек.

Оның өмірі туралы, шығармашылығ туралы өмірбаяндық мәліметтер, естеліктер жастарға патриоттық тәрбие беруде құндылыққа ие.

Бұл жинақта берілген материалдар қалың оқырман үшін қызықты болады және студент жастар үшін белсенді өмірлік ұстанымның жарқын үлгісі болады.

4,4(86 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ангел769
ангел769
07.09.2021

Пейіш, тозақ таласар, таласуда баян бар,

Тозақ айтар: мен артық, менде Перғауын, Һаман бар.

Пейіш айтар: білмейсің, сенде қандай талғам бар?! –

Перғауын, Һаман сенде-дүр, менде Жүсіп, Кенған бар.

Тозақ айтар: мен артық, дүниепарас көп құл жүр,

Қолдарына салынған алмас кісен, от-шынжыр.

Пейіш айтар: мен артық, мен – Пайғамбар мекені,

Алдарында олардың: кәусар, һүр мен нөкері.

Тозақ айтар: мен артық, менде жөйіт, тарса бар,

Жөйіт, тарса тәндерін сансыз азап паршалар.

Пейіш айтар: мен артық, менде иманды құлдар бар,

Момындардың алдында шексіз нығмет – гүлзар бар.

Тозақ айтар: мен артық, залым құлдар бар менде,

Залымдарға беретін зәһар – менде, зәр – менде.

Пейіш айтар: мен артық, ғалым құлдар – төрімде,

Аят, Хадис, Құран бар ғалымдардың көңілінде.

Тозақ айтар: мен артық, алаяқ бар – қойнымда,

Оттан ескен кісен бар мұнафықтар мойнында.

Пейіш айтар: мен артық, менде – хақ жол тұтқандар,

Сопылардың көңілінде Зікір, Пікір, Сұбхан бар.

Тозақ айтар: мен артық, бейнамазды аяр бар,

Бейнамаздың мойнында жылан менен шаян бар.

Пейіш айтар: мен артық, менде – Дидар-Мұратың,

Жар Дидарын көрсетер бар Рахман – Рахым.

Тозақ сонда тақ тұрды, пейіш көкке самғады, ал,

Құл Қожа Ахмет, не білдің? –

Білдіруші Алла бар.

4,7(15 оценок)
Ответ:
kamilatoktorbel
kamilatoktorbel
07.09.2021

КӘП Ардакерей

29 сентября 2019 0+13-60

КӘП Ардакерей Беделханұлы 1991 жылы 17 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданына қарасты Көкөзек ауылында дүниеге келген. Павлодар Мемлекеттік педагогикалық университетінің түлегі. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған (магистратура). 2010 жылдан бастап сахнаға шығып келеді. Бірнеше Республикалық студенттер айтысының жүлдегері.  

ТОЛЫҒЫРАҚ

НАУШАБЕКОВ Жарқынбек

15 мая 2014 4+193-350

НАУШАБЕКОВ Жарқынбек Абазбекұлы      1976 жылы 12 қаңтарда ОҚО Сарыағаш ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. 1993 жылы орта мектепті, 1997 жылы Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты бітірген. Айтыс өнеріне мектеп жасынан араласқан. Алғашқы ірі жеңісі, 1992 жылы Шымкент облыстық жас ақындар айтысының бас жүлдесін жеңіп алған. Республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2008 […]

ТОЛЫҒЫРАҚ

БАЙДӘУЛЕТОВ Мамыр

14 мая 2014 0+48-62

БАЙДӘУЛЕТОВ Мамыр Байментайұлы        1970 жылы 25 сәуірде Қызылорда облысы Сырдария ауданы Ақжарма ауылында дүниеге келген. №130 Абай атындағы орта мектепті бітірген. Қорқыт Атат атындағы университеттің «Дәстүрлі өнер, жыр» кафедрасын тәмамдаған. 1991 жылдан бастап облыстық газетке топтама өлеңдері шыққан.        Ең алғаш Манап Көкеновтың 70 жылдығына арналған ақындар айтысына қатысып (1997), «Студенттер […]

ТОЛЫҒЫРАҚ

ӘДІЛОВ Тілеген

13 мая 2014 0+19-91

ӘДІЛОВ Тілеген Елеусізбайұлы         1974 жылы 28 шілдеде Қарағанды облысы Ағадыр ауданы Ақшатау елдімекенінде дүниеге келген. Қармыс орта мектебінің түлегі (1981-1989), Кәсіптік техникалық училищені және1998 жылы Ө. Байқоңыров атындағы Жезқазған мемлекеттік университетін бітірген.         Бірнеше республикалық айтыстардың жеңімпазы, жүлдегері.

ТОЛЫҒЫРАҚ

СҮЛЕЙМЕНОВ Шынберген

12 мая 2014 1+45-42

СҮЛЕЙМЕНОВ Шынберген Байқараұлы         1975 жылы 28 шілдеде Қызылорда обылысы Арал ауданы Кызылжар ауылында дүниеге келген. Ең алғаш айтыс сахнасына 17 жасынан шығып, биік белестерді бағындырған.          Қызылорда обылысында өткен VІІ ақындар айтысында ІІІорын (1993), Зейнолла Шүкіров атындағы жүлде үшін өткен айтыста бас жүлде (1994), Арал қаласындағы ақындар айтысында І […]

ТОЛЫҒЫРАҚ

РАЙЫСОВА Ханша

11 мая 2014 0+70-70

РАЙЫСОВА Ханша Мұсабайқызы      1956 жылы 5 қазанда Алматы облысы Қапал ауданы Қоңыр ауылында дүниеге келген. 1989 жылдан бастап әртүрлі деңгейдегі жыр сайыстарына қатыса бастады. «Қазақ тілі қоғамы» ұйымдастырған республикалық айтыста бас жүлде (1990), Абайдың 150 жылдығына арналған Халықаралық айтыста ІІІ орын (1995) иеленген. ҚХР да, Ресейде, Өзбекстанда, сондай ақ облыс ауқымында өткен айтыстарда бірнеше […]

ТОЛЫҒЫРАҚ

СЫЗДЫҚОВ Әбілхайыр

10 мая 2014 1+1100

СЫЗДЫҚОВ Әбілхайыр Әбілпәттаұлы     1971 жылы 23 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған кентінде туған. Аудан орталығындағы №3 мектеп-интернатты үздік бітірген. Қ. А. Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті филология факультетінің түлегі (2004). 1988 жылдан бастап аудандық, облыстық айтыстарға қатыса бастаған. Қазақстанның Халық ақыны Манап Көкеновтің шығармашылық мектебін тәмамдап, өнер жолына бет бұрған. 1995 жылдан бастап бірнеше республикалық, […]

ТОЛЫҒЫРАҚ

СӘРСЕНБАЕВ Сырымбек

8 мая 2014 0+27-20

СӘРСЕНБАЕВ Сырымбек Жақсыбекұлы        1983 жылы 12 наурызда Атырау облысы Жылыой ауданы, Құлсары қаласында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін 2005 жылы тарихшы мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.            Айтысқа 2004 жылдан бастап қатысып, халықаралық, республикалық айтыстарда жеңімпаз және жүлдегер атанды. Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко қаласының 160 жылдығына арналған […]

ТОЛЫҒЫРАҚ

ОТАР Олжас

7 мая 2014 0+16-10

ОТАР Олжас Асангелдіұлы 1977 жылы 30 мамырда Жамбыл облысыТалас ауданы Бостандық ауылында дүниеге келген. Тараз қаласы бойынша салық басқармасында бөлім басшысы болып қызмет атқарады. 1991 жылдан бастап ақындар айтысына қатысып келеді.Қызылжар қаласында өткен республикалық айтыста үздік өнер көрсетіп, Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылына арналған аймақтық айтыстың лауреаты атағын иеленді (1998). Студент жастар арасында өткен «Жас […]

ТОЛЫҒЫРАҚ

КӘР Аманғазы

6 мая 2014 0+12-100

КӘР Аманғазы Әлімғазыұлы         1964 жылы 27 сәуірде бұрынғы Семей облысы Ақсуат ауданы Қызылкесік ауылында туған. «Ленин жолы» кеңшарына қарасты «Жас қанат» қой өсіруші комсомол-жастар бригадасында еңбек еткен (1981-1982). 1982 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне сырттай түсіп, 1986 жылы күндізгі бөліміне ауысып, 1992 жылы тәмамдады. Аралық уақыттарда Алматыдағы құрылыс-монтаж басқармаларында бетоншы, ағаш […]

4,4(64 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ