3. Деңгейлік тапсырманы орындаңдар, 1-деңгей. Диалог мотiнiнен түбір сөздерді теріп алып, жұрнақтар арқылы туымен
лер асасаңдар.
2-деңгей, Оқылым мотінінің мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер жана
3-деңгей. «Уақытты бағалай білеміз бе?» сұрағына «Төрт сөйлем тесілі арома и
yan жазыңдар.
1. Пікір, өзіндік пікірлерінді бір сөйлеммен жазыңдар.
2. Дәлел, өз пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
3. Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңдер.
4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыдар
Қой - төрт түлік малдың ішіндегі момыны. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады. Киім-кешек, алаша, кілем тоқылады.
Сиыр - ірі қара малға жатады. Сиырдың еті, сүті пайдалы. Сүтінен айран, қаймақ, құрт, ірімшік жасалады.
Жылқы - ер қанаты. Ол - сезімтал, талғампаз жануар. Жылқының сүті қымыз денсаулыққа пайдалы. Жылқыны көлік ретінде пайдаланады. Қазақта ат ойындары көптеп саналады.
Төрт түліктің төресі - түйе. Оның еті - тамақ, шұбаты - сусын, жүні - киім. Түйе - таптырмас көлік. Ол шөлге төзімді келеді».
- Қой бізге не береді?
- Ет, жүн, тері.
- Сиырдан адамдар не алады?
- Сүт, ет.
- Сиырдың сүтінен не жасайды?
- Сүттен айран, май, құрт жасайды.
- Жылқының қандай пайдасы бар?
- Жылқы ет, қымыз береді. Атпен шабады. Ат ойындары бар.
- Адамдар түйені қалай пайдаланады?
- Түйенің сүтінен шұбат жасайды. Түйені көлік ретінде пайдаланады.т.б