Анам екеуміз әжемнің үйінде қонақта болдық. Анама аспанды қолыммен көрсетіп, "Мама, қараша, аспанда үлкен ожау тұр", - дедім.
Анам: "Бұл - Жетіқарақшы шоқжұлдызы. Ол түнде адамдарға өз үйін табуға көмектеседі. Ғалымдар жұлдыздарды зерттейді. Бұл кішкентай нүктелердің құпиясы көп", - деді.
Сонда мен: "Бірақ жұлдыздар өте кішкентай ғой. Оларды қалай көреді?" деп сұрадым.
Анам болса: "Әкеңе айт, сені расытханаға апарсын. Расытханада үлкен дүрбі бар. Ол "телескоп" деп аталады. Телескоппен жұлдызды көруге болады. Ол жұлдызды үлкен етіп көрсетеді. Жұлдыздар бізден алыста. Сондықтан олар кішкентай болып көрінеді", - деді.
Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық», - деді Н. Назарбаев.
«Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!», - деді Мемлекет басшысы.
Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналдық. Бізге әрқашан үлгі болып келген Еуропа елдеріндегі атыс-шабыс, төңкерістерге қарап еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, экономикалық даму, ұлтаралық татулық: осының бәрі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының жемісі деп білеміз.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20