Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
Менің атам.
Менің атамның есімі – Тұрсын, жасы жетпіс екіде, дегенмен әлі жас көрінеді, өз күші өзінде. Атам көп жылдар бойы Ішкі Істер Басқармасында абыройлы қызмет атқарған, қазіргі таңда зейнеткер. Менің атам мен әжем ауылда тұрады. Атам барлық немерелерін кішкене күнінен еңбекке баулып, өзінің бар білгенін бізге үйретуде. «Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады.
Мен өзім бірінші сыныпқа дейін әжемнің тәрбиесінде болғанмын. Тұңғыш немере атасы мен әжесіне бауырына салынатын салт – дәстүр бар ғой, міне, сол дәстүр бойынша ата – анам мені атам мен әжемнің тәрбиесіне беріпті. Үлкен кісілер айтып жатады ғой, әжесінің тәрбиесін көрген бала жаман болмайды деп. Өз басым, бұл өте жақсы дәстүр деп есептеймін. Қарт кісілер таусылмас қазына ғой, жас ұрпақтың ол кісілерден үйренері мол. Демалыс уақытында ауылға ұзақ уақыт бойы бармай қалсақ, әжемнің ыстық бауырсақтары мен атамның «айналайын» деп маңдайымнан сипағанын сағынып отырамын. Үнемі ол кісілерге көмектесіп тұрамыз. Ал атам болса әрдайым «Қолыңнан келген көмегіңді аяма» деп үйретіп отырады. Атамды ерекше қатты жақсы көремін! Болашақта сол кісінің жолын қуып, полиция қызметкері болуды армандаймын.
1.да
2.блоггер
3.медики
4.карьерный рост
если ответы нужны на казхском переведи через переводчик.