20. «Кім келіспейді?» ойыны. Ойынның шарты: ойын бас- таушы төмендегі сөйлемдерді тақтаға жазып, оны тұрлаулы
мүшелерге талдап беруді талап етеді. Талдауға шыққан оқушы-
ның пікіріне «Кім келіспейді?» деген сұрақ қояды. Келіспегендер
өз пікірлерін дәлелдейді.
Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, дұрыс талдаған оқушы
ойын бастаушы болады.
1. Арман Тәуелсіздік сарайына бармақшы. 2. Апасы
Түркістанда тұрады. 3. Ол таңертең Баянауылға соқты
4. Біз Астананы араладық.
Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа да мағынада қолданыла береді. Бірнеше мағынада қолданылатын сөздерді көп мағыналы сөздер дейді.
Көп мағыналы сөздер көркем шығармаларда жиі қолданылады. Өздерінің шығармаларында ақын-жазушылар кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып жұмсай береді.
Екі күймек бір жанға әділет пе,
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
Ашиды жаның, қайнайды қаның,
Мінездерін көргенде…
(А.)
Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді шатастыруға болмайды. Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен байланысты болса, омоним сөздердің мағыналары бір-бірімен байланысты емес, мағыналары бүтіндей бөлек болады.