М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
okhotnikoffzhep08lws
okhotnikoffzhep08lws
19.11.2021 07:02 •  Қазақ тiлi

класс Қарамен жазылған сөзге қойылатын сұрақты тап.
Дананың анасы –
шебер тігінші.
у
Ол қымбат матадан
ұлттық киімдер тігеді.
Анасы Данаға әдемі
ішік тігіп берді
Ол көйлегінің
түймесін өзі тігеді.


класс Қарамен жазылған сөзге қойылатын сұрақты тап.Дананың анасы –шебер тігінші.уОл қымбат матаданұл

👇
Ответ:
kirillsokolov22
kirillsokolov22
19.11.2021

1. кім?

2. неден?

3. қандай?

4. не істейді?

Объяснение:

1. Дананың анасы кім?

2. Ол ұлттық киімдерді неден тігеді?

3. Анас Данаға қандай ішік тігіп берді?

4. Ол көйлегінің түймесін не істейді?

4,8(58 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
elena11060207
elena11060207
19.11.2021
Керік
ӨңдеуБұл бетті бақылауGiraffeАмандық күйіConservation Dependent [1]Ғылыми топтастыруыДүниесі:AnimaliaЖамағаты:ChordataТабы:MammaliaСабы:ArtiodactylaТұқымдасы:GiraffidaeТегі:GiraffaТүрі:G. camelopardalisЕкі-есімді атауыGiraffa camelopardalisLinnaeus, 1758Range mapКерік (Giraffa camelopardalis) - ашатұяқтылар сүтқоректі. Кейдедала керігі деп аталады.Giraffidae -Арабша – бәрінен биік. Керік – жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Орталық , Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды ,жазық далалы жерлерін мекендейді.Жираф денесінің ұзындығы 2 м-ден асады,шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей ,жерден басының төбесіне дейін 5-6 м-дей. Салмағы 500 – 1000 кг-дай. Басы онша үлкен емес , мойны өте ұзын, бірақ омыртқасының саны - жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа , әрі мығым, әрі сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын әрі мықты, жақсы жүгіреді. Керіктің жүрегісүтқоректілердің ішінде ең үлкен болып саналады. Ол минутына 60 л қанды өткізіп, 12 келі тартады. Керіктің жүрегінің қысымы адамдыкінен 3 есе жоғары, яғни, 120*3.Жалпы түсі ашық сары қара қошқыл дақтары болады.10-12 –ден топтанып, күндіз жайылады. Негізінен акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Шілде –тамызда күйекке түседі. Буаздық мерзімі 14-15 ай. Жалқы төл туады. Керіктер тұрған позиясында төлдегендіктен бұзауы 2 метр биіктіктен құлап туады. Жаңа туған төлдің бойы 1,8 мерт, ал салмағы 50 кг болады. Оны 6 айдай емізеді.Еті тағам , терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланады. Қазіргі кезде Жирафтар ,негізінен , ұлттық саябақтарда кездеседі.[2]Денесі қысқа, мойны ұзын, (бірақ мойын омыртқасы басқа жануарлардай 7), биіктігі 5,5 м, салмағы 1000 кг. Қан қысымы басқа жануарлардан жоғары 220/160 мм с.б. Қан қысымының өзгерісін басынын жылдам қозғалысымен, үлкен мойын көк тамырының клапандары реттейді. Аяқтары ұзын, (алдыңғылары артқыларынан), мықты, (К. жылдам жүгіре алады), шоқтығы құйымшағынан биік. Еркектері мен ұрғашыларының түкті терімен қапталған 1 немесе 2 мүйзшелері бар. Түсі әртүрлі, жалпы ақ сары көріністе әртүрлі қара дактар орналасқан. Африканыңдалалық (саванналары) және орманды аймақтарында таралған. 10-12 бастан топ құрып тіршілік етеді. Ағаш жапырақтарымен қоректенеді. Ұрпағын 14-15,5 ай көтереді. Шілде мен тамызда ұйірге түсуі басталады.[3]КеріктерКерікЖираф (Gіraffіdae), керік — жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Төменгі миоцен дәуірінен бері тіршілік етеді. БұларОрталық, Шығыс Африканыңоңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды, жазық далалы жерлерін мекендейді. Жирафтың 2 туысы (Жираф және окапи), ал олардың бір-бірден түрі бар: 1) кәдімгі Жираф(Gіraffa camelopardalіs) — денесінің ұзындығы 2 м-ден асады, шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей, жерден басының төбесіне дейін 5 — 6 м-дей. Салмағы 500 — 1000 кг-дай болады. Басы онша үлкен емес, мойны өте ұзын, бірақ мойыномыртқасының саны — жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа, әрі мығым, аяқтары сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяғынан ұзын, әрі мықты, жақсы жүгіреді. Жалпы түсі ашық сары, қара қошқыл дақтары болады. 10 — 12-ден (кейде 50 — 60-тан) топтанып жүріп, күндіз жайылады. Негізінен,акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Шілде — тамызда күйекке түседі (буаздық мерзімі — 14 — 15 ай), жалқы төл туады, оны 6 айдай емізеді. Еті тағам, терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланылады. Қазіргі кезде Жирафтар, негізінен, ұлттық саябақтарда кездеседі; қолда көбейе береді; 2) окапи (Okapіa johnstonі) — биіктігі 2 м-дей, Салмағы 250 кг-дай. Мойны онша ұзын емес, құлағы үлкен. Аталығының мүйізінің сыртқы терісі жыл сайын өзгеріп тұрады. Түрі біркелкі қызғылт қоңыр, тек аяқтарында көлденең сары түсті жолақтары болады. Негізінен, ылғалды тропиктік орманды жерлерді мекендейді. Жеке жүреді. Жирафтың жаулары жыртқыш аңдар, әсіресе, арыстан. Жирафтың қазба сүйектері Қазақстандагиппарион фаунасы құрамынан табылған.
4,6(74 оценок)
Ответ:
fariii046
fariii046
19.11.2021

Мен жазғы демалысымды қалай өткіздім?

Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.

Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті  көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.

4,7(52 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ