Ата-ананың аялы алақаны мен жүрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да аяулы аналарымыз бен ардақты әкелеріміз аман болсын.
2-мысал
Артқан соң бала сенім,
Дертімнің дауасы едің,
Биік қой бұл өмірде,
Қадірің ана сенің.
Өмірге қадам мығым
Анашым – панам, күнім.
Баланың бақыты мен
Ойлаған амандығын.
Болған соң ұлтқа тірек,
Анада құт-қасиет.
Білемін ананы мен
Әлемнің тұтқасы деп.
Сен үшін атқан таң ақ,
Тек жалғыз хаққа аманат.
Ананы сүю керек
Мәңгілік баққа балап!
"Білім ал" сайтынан
Ақтан жасқа хат!
Ақтан жас сәлем. Мен сені әдебиет сабағынан танып білдім. Сен жетімдіктің, жалғыздықтың зардабын бала күніңнен көрсең де мойымай, берілмей алға басып келесің! Сен мықтысың! Сен батырсың! Дулат ата саған үміт артып, батыр боласың, болашағың жарқын болады деп, өз ақ батасын беріп кеткен. Сол себепті әрқашан өзіңе сенімді бол! Алға ұмтылып, талпын, бәрі жақсы болады.