Нурсулта́н Аби́шевич Назарба́ев (каз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев; р. 6 июля 1940 года, с. Чемолган, Каскеленский район, Алма-Атинская область) — казахстанский государственный и политический деятель, первый президент Казахстана с 16 декабря 1991 года. Президент Казахской ССР (1990—91 гг.), Председатель Совета Министров Казахской ССР (1984—89 гг.); в 1989—1991 — первый секретарь ЦК КП Казахстана, в 1990—1991 — член Политбюро ЦК КПСС. Носитель официального титула «Лидер Нации» (каз. Елбасы). В апреле 2015 года переизбран на пятый президентский срок на до президентских выборах, по официальным данным набрав 97,75 % голосов избирателей. Рекордсмен по длительности пребывания у власти на постсоветском пространстве (является первым лицом республики с 22 июня 1989 года — более четверти века)[1].
Кіріспе Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер Қылмыстық - атқару жүйесі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында да атқарылып келеді. Басқарма бастығы әділет полковнигі Т. Б. Ахметовтің ұйымдастыруымен Басқарма аумағында орналасқан спорттық алаңда Басқарма қызметкерлері арасында «Шынықсаң шымыр боласың», деген қағиданы ұстанып, аптасына екі рет дене шынықтыру сабақтары жүргізіледі. Күнделікті аласапыран жұмыстардан кейінгі бір - екі сағат уақыттың ішінде әріптестерім біраз бой жазып, сергіп қалады. Осы бір тамаша сәттерде балалық шағың да еріксіз еске түсетіндей! Футбол, волейболдан командалар құрылып, қызу ойындар өткізіледі. Сондай - ақ, кермеге тартылу, шахмат, шашка, ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.