Ауылдың ділмар,шешен ақсақал қарияларын шақыру - бүлдіршіннің тілі жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы шақырылады.
Балаға қойдың тілін жегізу - олар «Тілің тез шықсын!»деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып, «Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде алады.
Ақсақалдардың ақ батасын алу - Осыдан соң ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады.
- Сәлем, Гүлім!
- Сәлем, Сұлтан!
- Бүгінгі үй жұмысына дайынсың ба?
- Иә, әрине, өзің ше?
- Жоқ, өкінішке орай... Маған көмектесіп жіберші,түсінгеніңді айтып берші.
- Жарайды, бізге Қазақстанның ежелгі қалалары жайлы тапсырма берді!
- Ежелгі қалаларға қай қалалар кіреді?
- Тараз қаласы кіреді. Бұл қаланың 2000 жылдан астам тарихы бар. Тараздан Ұлы Жібек Жолы өткен. Және қазіргі Тараз сол ежелгі Таразда орналасқан.
- Керемет. Тағы қай қала бар?
- Отырар қаласы бар. Бұл қаланың 1300 жылдан астам тарихы бар. Отырар ен әдемі қалалардың бірі болған. Мұнда ірі кітапханалар, мәдениет ошақтары көп орналасқан. Отырарда атақты философ дүниеге келген. Кім екенін білесің бе?
- Жоқ ол кім?
- Әбу Насыр Әл-Фараби
- Ғажап, енді біліп жүретін боламын. Рахмет Гүлім, сен керемет доссың!
- Оқасы жоқ!