2-тапсырма. Мәтіннен 4 есімдік теріп жаз, олардың түрін белгіле. 4 ұпай. Қуат көздері әртүрлі болады. ХХІ ғасырды электр құрылғыларысыз (компьютер, теледидар, телефон, тұрмыстық техника) елестете алмаймыз. Адамның өмір сүруі үшін керекті қуат көзінің бірі – электр энергиясы. Жыл сайын оған деген сұраным артып келеді. Электр энергиясын өндіру үшін күніне мыңдаған тонна көмір мен мұнай жағылады. Мұндай отынның табиғатқа зияны өте көп.
Баламалы энергетика дегеніміз - қоршаған ортаға тигізетін зияны өте аз, шығыны жоқ, үнемді пайдалануға тиімді энергетика. Ол жеңіл өндіріледі. Бұл "сарқылмайтын энергия". Оның экономикалық және экологиялық артықшылықтары көп. Баламалы энергетикаға жел энергиясы, биогаз, найзағай энергиясы, су энергиясы, ғарыштық энергия жатады.
Қазір бүкіл әлем энергия өндірудің жаңа әдісі мен үнемдеу жолын іздестіріп жатыр. 2017 жылы Астана қаласында «Болашақ энергиясы» деген тақырыппен «ЭКСПО-2017» көрмесі өтті. Көрмеде энергия өндірудің тиімді, арзан, табиғатқа зияны аз болатын жаңа технологиялары көрсетілді. Баламалы энергия- болашақтың энергиясы!
Сөздердің баламасын табу.
1. Аузы жеңіл – аузында сөз тұрмайды.
2. Баласын құтты орнына қондыру – қыз баланы ұзату, тұрмысқа беру; үйлендіру.
3. Құлағы тосаң – құлағы нашар естиді.
4. Қолының жымысқысы бар – ұрлыққа жақын адам.
5. Қосып айтады – өтірік айтады.
6. Ауыз бастыру - айтпауға уәде беру үшін ақы беру.
7. Сөзге келу – ұрысып қалу, ренжісіп қалу.
8. Бет жыртыспау – ұрыспау, ренжіспеу.
9. Жасы ұлғаю – қартаю.
10. Қалтасы тесік – кедей адам.
11. Сымсыз телефон – өсек, қауесет.
12. Аузының желі бар – өсекші.
13. Ұзын құлақ – ауыл арасындағы жаңалықтарды ауызша жеткізу 14.Ішінде бүкпесі бар – сыры, құпиясы бар.
15. Қолды болды – ұрланды.