Домбыра қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі, үні жағымды, қасиетті музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, кең таралған өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты
символы әрі ұлы аспабы домбыра екендігі сөзсіз. Онсыз бірде-бір шара өтпейді. Көшпенділер заманында да, қазіргі заманда да солай. Шертпелі, екі ішекті аспап түрлі мамандық иелерінің, діні мен ұлты басқа жандардың басын қосады. Домбыраның күмбірлеген дыбысы терең ой-толғауларды сөзден артық жеткізе алады.
Жазғы демалыс жайлы диалог
- Оқу жылының аяқталуына да бірер күн қалды. Бекболат, сен жазғы демалыста не істейсің?
- Биылғы жылғы жазғы демалысты тағатсыздана күтіп жүрмін, себебі ата – анам туған күніме арнайы ағылшын тілін үйрену үшін Лондонға жолдама сыйлаған болатын.
- Не деген керемет сыйлық! Сен үшін өте қуаныштымын! Қашан жол жүрмексің?
- Маусымның бірінде жолға шығамын.
- Жалғыз өзің шетелге шығуға қорықпайсың ба?
- Жоқ, қорықпаймын, себебі мен жалғыз бармаймын, ағылшын тілін шыңдау мақсатымен қаламыздағы басқа мектеп оқушылары да менімен бір топта болады.
- Е, онда жақсы екен. Аман – есен барып келуіңе және біліміңді шыңдап келуге тілектеспін.
- Көп рахмет, Мәди. Бар ынта – жігерімді осы оқуға арнаймын ғой, себебі мен өз болашағымды шет тілдерімен байланыстырамын.
- Жақсы, көріскенше!
- Сау бол!
Домбыра – ұлттық аспап
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі, үні жағымды, қасиетті музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, кең таралған өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы домбыра екендігі сөзсіз. Онсыз бірде–бір шара өтпейді. Көшпенділер заманында да, қазіргі заманда да солай. Шертпелі, екі ішекті аспап түрлі мамандық иелерінің, діні мен ұлты басқа жандардың басын қосады. Домбыраның күмбірлеген дыбысы терең ой-толғауларды сөзден артық жеткізе алады.