Бір құдайға сиынып, Кел, балалар, оқылық , Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Істің болар қайыры Бастасаңыз алдалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Оқысаңыз , балалар, Шамнан шырақ жағылар, Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Мал дәулеттің байлығы, Бір жұтасаң жоқ болар, Оқымыстың байлығы, Күннен- күнге көп болар, Еш жұтамақ жоқ болар. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Сиса көйлек үстіңде Тоқуменен табылған... Сауысқанның тамағы Шоқуменен табылған... Өнер- білім бәрі де Оқуменен табылған. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Надандықтын белгісі - Еш ақылға жарымас. Жайылып жүрген айуандай Ақ, қараны танымас. Аяңшыл ат арымас, Білім деген қарымас... Жөн білмеген наданға Қыдыр ата дарымас. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Оқу деген шыны - ды, Тұрған сайын шыныққан... Оқу білген адамдар Май тамызған қылыштан... Білмегенді білуге Есті бала тырысқан, Есер бала ұрысқан. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Әлпештеген ата - ана Қартаятын күн болар. Қартайғанда жабығып, Мал таятын күн болар. Ата - енең картайса - Тіреу болар бұл оқу, Қартайғанда мал тайса Сүйеу болар бұл оқу. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық.. Оқу білген таниды Бір жаратқан құдайды, Танымаған құдайды Не ғылғанда ұнайды? Шырағым абай болгай деп, Ата - енең жылайды, Баладан қайыр болмаса, Баланы неге сұрайды.
-Алтынай, ұлттық мұражай туралы қандай пікірдесіз, қандай әсер алдыңыз ? - Қай елде болсын ұлттық мұражайлардың орны ерекше ғой. Себебі, мұражайлар халыққа, сондай-ақ шетелдік қонақтарға тарих, мәдениет туралы, материалдық және рухани құндылықтар туралы танымдық ақпараттар береді. Маған ұлттық мұражай өте ұнады. Мен ұлт тарихына байланысты өзім білмейтін көптеген мәліметтер естідім. - Сіз үшін қандай экспонаттар таңсық болды? - Мен үшін киіз үй және оның ішкі жабдықтары, ұлттық музыкалық аспаптардың түрлері, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар таңсық болды. - Сіз киіз үйді мұражайдан бірінші рет көрдіңіз бе? - Жоқ, мен киіз үйді бұрын көргенмін. Бірақ мен оның құрылысы, ішкі жабдықтары туралы жақсы білмейді екенмін. Мен киіз үйдің көшпелі өмірге аса ыңғайлы екеніне көз жеткіздім. - Сізді мұражайда тағы не қызықтырды? - Жалпы, қазақ халқының мәдениетінде ерекше әсерлі нәрселер көп. Ұлттық киімдері соншалықты салтанатты. Әйел адамдардың зергерлік бұйымдарын нағыз шеберліктің үлгісі дер едім. - Жақсы, сіздің ұлттық мұражай және қазақ мәдениеті туралы пікірлеріңіз бізді аса қуантады. Сіздің жылы лебізіңізге көп рақмет!
- Алтынай, какое у вас мнение о национальном музее, какое у вас впечатление? - Какой бы стране не было, место национальных музеи очень важно. Потому что, музеи дают народу, также зарубежным гостям познавательные информаций об историй, о культуре и о материальных и о духовных ценностей. Мне очень понравилось национальный музей. Я слушал (слышал) многочисленные информаций, касательно историю наций, которых сама раньше не знала. - Какие экспонаты для вас были непривычным (особым)? - Для меня были не привычны юрта и ее внутренние снабжении, виды национальных музыкальных инструментов, национальные одежды, ювелирные изделия. - Вы первый раз видели юрту в музее? - Нет, я раньше увидела юрту. Однако я не совсем хорошо знала о ее строение, о внутренних снабжениях. Я убедилась в удобстве юрты к кочевой жизнь. - Что еще вас интересовало в музее? - Вообще, в культуре казахского народа особо впечатлительные вещей много. Национальные одежды настолько торжественные. Я бы сказала, что ювелирные изделия женщин – шедевр настоящего мастерства. - Хорошо, нас очень радует ваше мнение о национальном музее и о казахской культуре. Большое за ваше теплые слова!
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен- күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер- білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Надандықтын белгісі -
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас...
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқу деген шыны - ды,
Тұрған сайын шыныққан...
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан...
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Әлпештеген ата - ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата - енең картайса -
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не ғылғанда ұнайды?
Шырағым абай болгай деп,
Ата - енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.