М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
2837637352728
2837637352728
11.04.2022 11:03 •  Қазақ тiлi

1. Ә. Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазыңыз. Берілген сөз көлемі 307 сөз. Қысқартылған сөйлем көлемі 100-120 шамасында болу керек.
8. Мәтінді қысқартуда жинақы мәтінді жазудағы тілдік құралдарды қолданыңыз.
Абдулхамит Мархабаев Ғарыштағы қымыз
«Альфалықтар - сыйлы қонағымыз. Басқа жұлдыз жүйесінің өкілдері бізге достық ниетпен келе жатыр. Альфалықтармен ертеңгі танысу - адам цивилизациясының жарқын көрінісі».
Газеттердің соңғы кездегі нөмірлерінен осы тәріздес сөздерді жұрт жиі көретін боп кетті. Бірталай адамдар жаңа туған қыздарының атын Альфа деп қойыпты.
Роботтардың жаңа шыққан маркасы да Альфа болды. Жазу машинкасының желі бар жазушысы әп-сәтте Альфа планетасының тұрмысы жөнінде фантастикалық повесть бастырып шығарады. Радио да борыштар қалған жоқ: планетамызға белгілі композитор әншінің Альфа халық әуендеріне жазған попуриін күніне 5-6 мезгіл береді. Альфа делегациясын басқарып келетін ақсақалдың өмірін дәріптейтін телеспектакль қойылды. Академияның ғылыми қызметкері Р. монография жазды. Қойшы, Альфалықтар Жер баспай тұрып-ақ адамдар олардың барлық тірлігін біліп алды деуге болады, мысалы олардың етікті әуелі қай аяғына сұғатыны , тәулігіне неше мәрте жөтелетіні , кілттерін қай қалталарына салып жүретіні сияқты маңызды-маңызды дәстүрлер туралы қазір де төртінші класстың балалары да айтып бере алады. Планетааралық сыртқы істер басқармасы ба з, радиомен ғана шектеліп қалған жоқ. Қонақтарды жақсы күтіп алуға қажетті шаралардың бәрін жасауға тырысты. Альфалықтар жерге жақындағанда нөмірі он төртінші Космофлотқа 867-ші серіктің орбитасымен келіп қонуы тиіс еді. Сол орбитадағы галактикалық космос станциялар көркейтіліп, олардағы киоскілер саны күн санап өсті. Космофлот зымыран қонған бойда жолаушылар салонының есігі ашылды, екі робот ақсақалды жұмсақ орындыққа жайғастыра отырғызып, әудем жердегі шаршы топтың ортасындағы стол жанына апарды. Ұзамай капитан мен қалған нөпірлер жетті. Кездесуге күн аумағындағы планеталардың барлығынан да өкілдер келгенге ұқсайды. Олардың әрқайсысының жанында бір-бірден аудармашы роботтар. «Анау тұрған Нептунның өкілі ғой оның қасында екі роботтың тұрғаны несі, Әәә, жаңа есіме түсті, ұмытып кеттіппін ау,еее бәсе басқалар қызғанып күңкіл шығармай-ақ қойсын. Нептун Жердің екі туып бір қалғаны емес, керек десе қол созым Жердегі бізбен алысып берісіп тұрған Марс та жалғыз аудармашы роботты, оның өзі де аккумуляторы отырып қала беретін кекеш робот, місе тұтады ғой, ал Нептунның тілі бізге жаңадан ғана толық аударылып бітті, оны әлі үйреніп жетіліп болмаған бір роботтың табан астында аударма жасауы қиын».

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Polina55454
Polina55454
11.04.2022
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы осы мақсатқа жеткізетін Ұлы бастама. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарындағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Арналған Жолдауы осыдан бір жыл бұрын Елбасы өзі жария еткен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын, яғни, Қазақстандық дамудың бағыт –бағдарын айқындап берді. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Страрегияны мүлтіксіз орындау, емиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!,- деп атап өтті Елбасы өз жолдауында. Елбасы жолдауында еліміздің экономикасын, шағын бизнесті, әлеуметтік саланы дамыту, Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру, ұлттық білім берудің сапасын жақсарту, инфроқұрылымдық үш тағанның қарқынды дамуы бұдан өзге де маңызды мәселелер сөз етілді. «Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігіндегі ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты. Олай болса, мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол- мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру елімізде табандылықпен жалғасып келеді. Мемлекеттік тілді дамытуға жыл сайын миллиондаған қаржы бөлінеді. Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге тоқтала келіп, енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн деп ой түйді. Олай болса, ана тілімізді- мәңгілік тіл ету өз қолымызда. Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық
4,6(57 оценок)
Ответ:
lenavel97
lenavel97
11.04.2022
Күз
 Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.( әңгімелеу м)
                       Кірпіш
Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан.Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. (пайымд.м)
                        Аққу
Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі (сипатт)
4,7(84 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ