Адамды сырт келбетіне қарап сұлу немесе ұсқынсыз деп айту меніңше үлкен қате. Сырт келбет алдамшы болып келеді. Мысалы ол сырттай әдемі, ал іштей мейірімсіз, ақымақ, ашкөз, мінезі шатақ, өзімшіл адам болуы мүмкін. Яғни адамның тек ішкі жан дүниесіне қарап бағалау қажет. Оның ішкі жан дүниесіне үңілу үшін ол адаммен сөйлесу керек . Дәл көлік секілді ғой, сыртын әдемілеп бояп қойғанымен, іші дұрыс жасалмаса өртеніп, апатқа ұшырайды. Сондықтан жан дүниесі әлде қайда маңыздырақ. Сол үшінде мен өзім адамның ішкі жан дүниесіне қарап бағалаймын.
Ауылымды сағынып жүрмін. Ауыл деген әр бала үшін ерекше ыстық болар. Бар балалығымыз ауылымызда өтті емес пе? Ойын-сауық, қымыз-қымыран, қауын-қарбыз... Ауыл дәруменге бай. Өзен, бау-бақша, жеміс-жидек... Құрбы-құрдас, дос-жаран, туған туыс, ата-әже... Ауыл осы аяулы есімдер мен сөздерді өзіне қамтып тұрғандай. Ауыл дегенде айтылар әңгіме бөлек. Бала күнімізден жаз келсе болды, ауылға асығамыз да тұрамыз. Ондағы адамдар өте қонақжай. Бара қалсаң, бәрі мәз-мейрам болып, сені күтіп алады. Ауылдағы достарым да жаз келсе, бізді асыға күтетін. Әлі күнге дейін ауылға бара қалсам, алдымен достарымды іздеймін. Оларға деген махаббатым шексіз.
Объяснение:
Бірі сырт келбеттің ішкі әлемге еш қатысы жоқ десе,екіншісі адамның сырт келбеті оның мінезін,ойын анықтайды деп жатады.