Біз тамаша елде, Қазақстан Республикасында тұрамыз, оның өлкесі орасан зор. Біз туып өмір сүріп отырған ел Қазақстан Республикасы, сондықтан біз осы мемлекеттің азаматымыз. Әр адам туған сәтінен бастап сол мемлекеттің азаматы болады. Бұл дегеніміз, ол мемлекеттің қорғауында. ҚР азаматы болу – бұл жоғары құрметті атақ. Азамат болу – демек өзінің Отан алдындағы борышын өтеу.
Береговой мектебінде 2017 жылы 9 қарашада "Әңгіме "Мен Қазақстанның азаматымын" 1-11 сыныптар үшін іс-шара өткізілді, осы шараға мұғалімдер де қатысты. Оқушылар патриот, азамат түсініктерінің мағналарын ашып берді. ҚР азаматтарының білу міндеттері туралы айтылды:
-мемлекет рәміздерін сыйлау
- мектепте оқу
- табиғатты қорғау
- өздерінің ата-аналарын сүю, қадірлеу
- Өз Отанын сүю және қорғау, патриот болу, өз Отанын мақтан тұту, Заңдарын сыйлау, қоғамдық өмірге белсене қатысу.
Іс-шара соңында «Өз Отанынды жақсы белесің бе?» викториналық сұрақтар қойылды, оқушылар жақсы жауап берді.
Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір "қырт мақтан" деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдылығы, арлылығы жоқ. Мойынын бұрып қойып: "Өй, тәңірі-ай, қойшы әрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба?" - деп бұлғақтап, немесе: "аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек? Азар болса атылып, я осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Әйтеуір бір өлім бар ма?" - деп қалшылдайтұғын кісі көп қой