Наурыз көже
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін келер жылғы тоқшылық пен ырыс, құттың жоралғысы ретінде саналатын наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Бұл күні әрбір үйде қазан оттан түспей, уыз қатырылып, сорпа сапырылады, наурызкөже дайындалады.
Қазақ халқының дәстүрінде жеті саны киелі саналады, міне,ұлттық тағам наурыз көже де міндетті түрде жеті түрлі тағамнан әзірленеді. Олар: су, ет, арпа, тары немесе күріш, айран, құрт және тұз. Енді құрамындағы әрбір тағамға толығырақ тоқталып кетсек. Ең негізгісі - ол су, яғни «келер ұрпақ судай тасып, көбейе берсін» деген мағына білдіреді.
Келесі – ет. Қазақ халқының сүйсініп жейтін әрі аса қадірлейтін тағамы ретінде көжеге міндетті түрде ет қосылады, әдетте сүрленген ет қосады. Бұл – «ет көп болсын» деген мағына білдіреді.
Ал арпа болса, керемет емдік қасиеттері бар, сонымен қатар өте тойымды.
Дәнді дақылдарды қосатын себеп (тары, күріш) бір тамырдан өсіп өнген дәндер секілді ұрпағымыз жайылып, көбейсін деген мағына жатыр.
Қазағым қашанда сүт тағамдарын «ақ» деп ерекше бағалаған, міне, наурыз көжеге де міндетті түрде айран немесе сүт қосылады, бұл бір жағынан «ақ мол болсын» дегенді білдірсе, екінші жағынан «сүттей ұйып отырайық, іргеміз берік болсын» деген ниет жатыр.
Ал құрт пен тұз болса, тамақтың дәмін келтіреді.
Әрине, көже дайындауға тек осы тағамдар қосылу керек деген қатаң талап жоқ, әркім өз қалауынша әзірлей береді. Бірақ, ең бастысы, құрамында жеті түрлі тағам болуы шарт.
Әр адам өз өмірін белгілі бір ұнайтын ермек ісімен ұштастырады. Кей адамдарда бұл тарихи жәдігерлерді жинау болса, кейбіреуі кітап жинайды. Бірақ не жинаса да, не істесе де ол адамның көңілінен шығатын, жанына жақын іс болуы қажет. Ал, мен өзімнің ермек ісімді дене шынықтырумен астастырдым. Менің ермек ісім тренажер залына барып жаттығу. Бұл - менің сырт бейнемді ғана жөндеу емес, ішкі жан дүниемді, өзіндік болмысымды өзгертті. “Шынықсаң шымыр боласың” деп халқымыз текке айтпаған. Адам бойындағы тән сұлулығы мен жан сұлулығы ұштасқанда ғана Абай айтқандай “Толық адам” бейнесі шығады. Сол үшінде ермек ісімді, пайдалы іспен біріктірдім. Жаттығу залында мені жаттықтырушы қарсы алып, әр тренажерда болып қызметімен таныстырды. Осылайша ермек іспен айланысу бірте-бірте өміріме тұрақты ісім болып еніп кетті. Жалпы алғанда, “ ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” дегендей әр адамның өз денсаулығы өз қолында.
Мен ермек ісімнің пайдалы іске айналғанына қуаныштымын.
Объяснение:
Можно лучший ответ