М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
UGvu
UGvu
16.12.2022 20:00 •  Қазақ тiлi

Еісмдіктер елінде тақырыбына ертегі құрастырыңыз
НУЖНО!

👇
Ответ:
мари13121
мари13121
16.12.2022

Баяғы өткен заманда бір шал өмір сүріпті.Оның есімі «Есімдік» екен. Ол шалдың жеті ұлы болыпты. Ең тұңғышы Жіктеу, екінші ұлы Сілтеу, үшіншісі Сұрау, төртіншісі Өздік, бесінші ұлы Белгісіздік, алтыншы ұлы Болымсыздық, ең кенжесі Жалпылау екен. Олар бір-біріне бауырлар болыпты. Ең тұңғышы Жіктеу адал болғанымен әрбір адамды жіктеп, елемей жүреді екен. Ал сілтеу болса мейірімді, кейбір затты білмей, түсінбей қалса сол адамға түсіндіріп сілтеп, нұсқап жүреді екен. Сұрау болса барлық затты білгісі келіп, көрген-білгенін сұрай береді екен. Өздік тек қана өзін ойлайтын, өзімен-өзі жүретін адам. Бесінші ұлы Белгісіздік ешнәрсе білмей, жан-жағына аң-таң болып жүре береді. Ал Болымсыздық болса, әрбір адамды адастырып, алдап жүретін болады. Кенжесі Жалпылау бәріне қамқор, барша адамды ойлайтын, бәрімен дос, кеңпейіл болыпты. Бірде әкесі Есімдік көл жағасына барады. Бірақ онда қауіпті жануарлар өте көп еді. Кейін бір кішкентай кедей бала жүгіріп келіп Жіктеуге:

-Жіктеу, су жағасында әкеңе қауіп төніп тұр, – дейді.Жіктеу баланың түріне күдіктене қарап, оған сенбеді. Сілтеу де естіп, ол да мән бермейді. Ал Сұрау болса «бұл шын ба екен?» деп әдетінше сұрақ қоюмен жүреді. Өздік өз білгенімен, Белгісіздік баланың сөзін түсінбей, болымсыздық болса мүлдем мән бермейді. Ең кенжесі Жалпылау бәрінің әңгімесін естіп, жоқ бұлай жайбарақат отыруға болмайды, – деп бәрінің басын қосады.

-Бауырларым, әкемізге қауіп төнсе барып, көмектесейік,- дейді. Ағасы Жіктеуге:

-Бәрін мінеп жіктегенше, әкемнің өмірін ойламайсыз ба? Сілтеу ағам екеуіңіз жол бастап, Сілтеу аға сіз жол сілтеп бармайсыздар ма? Өздік ағасының өзін ғана ойлайтынын, Белгісіздік пен Болымсыздық ағаларының да дұрыс емес әрекеттерін айтып әкелеріне, көл жағасына аттанады. Барса анадайдай жерде әкесі ойға шомылып отыр екен. Балаларының келгенін көріп ұзақ қарайды. Жіктеу сол баяғы жеңіл оймен: – Айттым ғой сендерге, әкеме еш қауіп жоқ деп, ана сүйкімсіз баланы көрсем.деп ашуланады. Сонда әкесі күрсініп:

-Мен бүгін өз балаларымды тағы да толық таныдым.Ол баланы мен жіберген едім, оның түк кінәсі жоқ. Менің айтқан сынағым болатын. Кімнің адал, кімнің қамқор, кімнің батыл екенін Жалпылауымнан ғана көрдім. Сендер тек Жалпылауымның айтқаны бойынша келдіңдер, – дейді. Өмірде адамды жіктеп, бөліп-жаруға болмайды, О дүниеде барлық адам бірдей. Өз қамыңды ғана ойлап, өмірге бей-жай қараған а Бұл менің сендерге айтқан өсиетім болсын. Ал Жалпылауышым сенің кең жүрегіңе рахмет ұлым. Алты ағаңның іс-әрекеті көңілімді түсірсе де, сенің бір өзіңнің жасаған қамқорлығың жүрегімді жібітті. Алты ұлы бастары төмен қарап, қателерін түсінді.

Осылайша күндер зулап өте берді. Сол оқиға бәріне сабақ болып юолды. Есімдіктің жеті ұлы да жүректері мейірімге толы, ешкімнен көмегін аямайтын адал жандар болады.Ел арасында олар туралы тек жақсы әңгімелер айтылатын болды.

Өмірде қателіксіз болмайды, бәріміз пендеміз. Тек сол қатені уақытында түсінсек бәрі жақсы болып кетері анық. Сонымен қатар адамның адамдығы сырт келбетінде емес, ішкі жан сұлулығында!

4,6(75 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

"Менің отбасымдағы аяулы жандар"
Өмірде әркімнің өз отбасысы, жанұясы болады. Мысалы, менің өз жанұям бар, "отан отбасынан басталады" деген қазақта сөз бар. Менің отбасым атамнан, әжемнен, әкемнен, ананман және інімнен құралған. Бұл жандардың бәрі де маған қымбат! Әкем мені күніге оқыған білімімді тексереді. Тексерген есептерді ақыл таразысына салады. Ал анам болса, мені тазалыққа жетелейді, менің өскенде жақсы маман таңдағанымды қарайды. Ешкімнің ала жібін аттама деп үйретеді. Ал әжем мен атамның бізге үйреткен нәрселері өте көп. Інім екеумізді көзінің ағы мен қарасындай көреді. Мен өзімнің отбасымды мақтан тұтамын!

4,7(30 оценок)
Ответ:
Tigeriza
Tigeriza
16.12.2022

Берілген билетке жауап.

1 сұрақ.

Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілікке, имандылыққа, ақыл мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Батаның түрлері -біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынмен жер көгерер, батамен ел көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақта батыр билерден, шашашсына шаң жұқпайтын ақындардан бата алуға құштар болған.      

Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Батаның мақсаты: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны жаратқан иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды.Басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді.

Батаның түрлері:

1. Нәрестеге бата

2. Асқа бата

3. Ұлға бата

4. Қызға бата

5. Келінге бата

6. Сапар бата

7. Жастарға бата

8. Сүндет той батасы

9. Наурыз батасы

10. Ораза айт батасы

11. Жарапазан батасы

12. Ас қайыру батасы т.б.

2 сұрақ.

Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.

Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).

3 сұрақ.

Ит өлген жер – алыс;

Қырғиқабақ болу – ұрысу;

Ешкімнің ала жібін аттамау - ешкімнің жолын кеспеу,қарғысына жолықпау.

4,7(91 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ