Ғылым — уақыт пен кеңістікте бар, зерттеуге болатын шынайы нақты нәрселердің заңдары мен қағидаларын, тәртібі мен құрылымын объективті түсіндіретін, эксперимент пен бақылауға негізделіп, математикалық есептеуді қолданып, жүйелі түсінік қалыптастыратын таным саласы. Жалпы тұрғыда ол жүйелі білім мен ғылыми тәжірибені меңзесе, ал, арнайы мағынада ғылыми әдістер арқылы жинақталған логикалық білім жүйесін көрсетеді. Яғни, ғылым ғылыми білімдерді ғана емес, сол білімдерге қол жеткізудің барлық жолдары мен әдістерін түгел қамтитын біртұтас кешенді жүйе.
Объяснение:
Оқу — білім бұлағы,
Білім — өмір шырағы.
***
Оқу — білім азығы,
Білім — ырыс қазығы.
***
Білім ортақ.
***
Білім — ер азығы,
Ер — ел азығы.
***
Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.
***
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім - таусылмайтын кен.
***
Оқу түбі тоқу.
***
Оқу инемен құдық қазғандай.
***
Оқы да біл,
Ойна да күл.
***
Ой түбі оймақ,
Ойын түбі ойран.
* * *
Білген кісі тауып айтады,
Білмеген кісі қауып айтады.
***
Өз білмегенінді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
***
Білім қымбат, білу қиын.
***
Білімнің алды жарық,
Білімсіздің түбі ғарып.
Бабадан қалған асыл сөз: Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттері, даналық ойлар мен қанатты сөздері. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі тойына орайластырылған осынау жинақта Ұлы даланың шешендік өнерінде терең із қалдырған ұлы ғұламалар мен дана ойшылдардың, ақын жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің, ел билеген қағандар мен әскери қолбасшылардың, данашпан тұлғалардың ел ішін ауызбірлікке, татулыққа шақырған салиқалы ой толғаныстары, келер ұрпаққа арнаған өнеге өсиеттері, қанатты сөздері, сондай ақ отан туралы, тіл туралы жыр толғаулары мен өлең, дастандарынан алыңған үзінділер уақыт елегіне сай, хронологиялық тұрғыдан топтастырылған.