М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Р000000
Р000000
27.12.2022 08:16 •  Қазақ тiлi

1 маусым күні сағат 10.00-де республика сарайы алдындағы алаңда балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «біз - сенің балаларыңбыз, қазақстан! біз жаңа әлемде өмір сүретін боламыз» атты мерекелік шаралар өтеді. бағдарлама аясында: «мейірім жұлдыздары жарқырайды» атты балалардың қалалық фестивалінің ашылуы болады. онда ұлттық спорт ойындары, отбасылық эстафета, балабақшалар мен спорт мектептері түлектерінің спартакиадасы, балалар суретінің байқауы және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. бұл күні қала кинотеатрларында балаларға арналған фильмдер мен мультфильмдер тегін көрсетіледі. 1 маусым күні сағат 12.00-де алматы циркінде мектеп-интернаттар мен тұрмысы төмен отбасылар балалары үшін цирк әртістерінің қатысуымен «жануарлар әлемі» атты жабайы хайуандардың (аю, жолбарыс, арыстан, қасқыр) өнері ұсынылады. ұйымдастырушы: алматы қаласы әкімінің ба з қызметі. тұжырымның

👇
Ответ:
lilia25021
lilia25021
27.12.2022

ишкьылы

4,6(91 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
alti1997
alti1997
27.12.2022

Алтын ұя – мектебім шағын шығарма

«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.  

Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.  

Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.  

Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.  

Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне  барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.

4,4(16 оценок)
Ответ:

Биотехнология әлеміндегі жаңалықтар

Өнімі мол, төлі сапалы аталық пен аналықтан жаралған эмбриондарды қолдағы қарапайым аналықтардың құрсағына көшіріп отырғызу арқылы нәсілділігі мен өнімділігі артық төлдің санын көбейтуді – эмбрион трансплантациялау (ұрық көшіріп отырғызу) биотехнологиясы дейді. Бұл тәсілді қолданғанда аталық пен аналық жыныс жасушаларының бірігіуінен түзілген зәузат-эмбрион қолданылады.

Аналық мал, жануарлардың жұмыртқалықтарында (жыныс бездерінде) 100-200 мыңға дейін жұмыртқа жасушасы түзіледі. Олардың санаулысы ғана (6-8) төл болып дамуға жұмсалып, қалғандары даму кезегін күтумен өмірден өтетіні анықталған. Жыныс бездеріндегі жұмыртқа жасушаларын топ-тобымен дамытып, көшіріп отырғызуға жарамды мол эмбрион (ұрық) өндіріп алу үшін арнайы тәсіл шығарылған. Осы тәсілді қолданғанда сиырдан жылына көшіріп отырғызуға жарамды 50-60 эмбрион алуға болатынын зерттеу нәтижелері айқындап отыр. Бұл дегеніміз, құнды сиырдан жылына бір емес,жоқ дегенде 40-50 бұзау алуға болатын мүмкіндік бар екенін көрсетеді.

Қазіргі таңда эмбрионды трансплантациялау –мал, жануарларды сұрыптап өсіру (селекция) қарқынын өте аз уақыт ішінде ең жоғары деңгейге жеткізетін зор әлеуетке ие биотехнология екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Оның сыртында саны өте азайған немесе жойылуға таяған жабайы хайуандардың санын көбейтіп, популяциясын сақтап қалу үшін де аса маңызды болып табылады. Мысалы, Қытайда жойылуға дәл қалған панда аюы осы биотехнологиялық тәсілдің арқасында саны молайып, қайтадан еркіндікке (табиғатқа) жіберілді. Австралияда жабайы түйелердің популяциясын көбейту үшін эмбриондарды трансплантациялау тәсілі қолданылып, үлкен нәтижеге қол жеткізген. Медицинада бұл технология нәтижелі пайдаланылады. Ағзадан тыс, зертханалық жағдайда ұрық тоқтатылып, түзілген эмбрионды әйелдің құрсағына енгізіп беру арқылы трансплантат-сәби дүниеге келеді. Қазақстанда бұл биотехнология жақсы дамыған.

Эмбрион трансплантациялау биотехнологиясы Канада, Америка Құрама Штаттары, Жапония, Франция, Германия секілді мемлекеттерде өндірістік жағдайда кең көлемде пайдаланылуда.Эмбриондарды трансплантациялайтын орталықтар ашып, өздерінің сұраныстарын қанағаттандырып қана қоймай, миллиондаған эмбриондарды сырт елдерге экспортқа шығаратын табыстың жаңа көзін тауып отыр. Қазір АҚШ, Жапония, Батыс Еуропада осы технологияның көмегімен жылына 0,5-1 миллион басқа дейін трансплантат-бұзау алып, сиыр шаруашылығының өнімділігін бұрын-соңды болмаған дәрежеге жеткізгендігі ешкімге құпия емес. АҚШ-та сүттілігі бойынша рекорд жасаған қара ала тұқымды бір сиырдан 131 эмбрион алынған. Сондай-ақ тағы осы елдегі жеке шаруа қожалығында 5 донор сиырдан бір ретте 201 эмбрион шығарып алып, басқа сиырларға трансплантациялау арқылы 131 бұзау алған.

Германияның Бавария аймағында орналасқан Нойштадт Айш атты шағын қалада эмбрион трансплантациялайтын орталық жұмыс істейді. Осы орталық жылына 5-7 мың дана эмбрионды -196 градус жағдайында (сұйық азотта) мұздатып дайындайды. Мұндағы таң қаларлық бір жайт, Бразилия мен Аргентинаның тапсырысын орындайтын жеке сиырлар мен бұқалар бағылады. Немістің қызыл ала тұқымды «Henry»атты бұқасы мен «Anagreta» есімді сиырдан жаралған эмбриондарды Бразилия импорттап, сиыр шаруашылығының сүт, ет өнімділігін көбейту мақсатында пайдаланады екен. 4 жылдың ішінде осы сиырдың 300-ден астам эмбрионды экспортталып, оларды көшіріп отырғызған Бразилияның байырғы сиырларынан немістің қызыл ала тұқымды бұзаулары туылдырылып алынған.

Енді осы озық биотехнологияны қалай қолдануға және қандай табыстарға қол жеткізуімізге болатыны жайында ой бөлісейік.

Біздің пайымдауымызша, мол өнімді, асыл тұқымды тірі сиырларды сырттан импорттаудың орнына өзімізге қажетті тұқымының мұздатып сақталынған (-196 градус сұйық азотта) эмбриондарын қолдану аса тиімді. Мысал келтірейік, асыл тұқымды 50 сиыр сатып алу үшін 250000 АҚШ долларына шығындаламыз, оларды ұшақпен тасуға тағы да мол қаржы жұмсамайтынымыз белгілі. Жеткізілген сиырлардың табиғатымызға бейімделуі тым ауырға түсіп, өлім-жітімдердің болатыны белгілі. Егер осы 50 сиырдың бағасына жұмсалатын қаржыны эмбрион импорттауға пайдаланатын болсақ, 800-850 дана эмбрион сатып алады екенбіз. Олар кішкене термосқа құйылған сұйық азотта сақталатындықтан тасымалдау оңай, қаржы да аз жұмсалады.

Импорттық эмбриондар өзіміздің сиырлар мен құнажындарымызға көшіріліп отырғызылады. Ары қарай олар жергілікті ортаға бейімделген аналықтың құрсағында дамып,туылғаннан кейін сыртқы ортаның әсерлеріне төзімділігі артады. Яғни, ұрықтан дамыған төлдердің өміршеңдігі осында туылған бұзаулардікімен тең дәрежеге жетеді. Батыс Еуропа жағдайымен санассақ, 800 эмбрионды көшіріп отырғызу арқылы аз дегенде 450 бұзау алуға болады екен. Осылайша эмбрионды көшіріп отырғызу биотехнологиясын қолданудың арқасында айналасы 3 жылдың ішінде сүттілігі 5000-6000 литр, салмағы 600-800 келі тартатын сиырлар және бұзауы сапалы туылатын, дене салмағы 800-1000 келіге дейін жететін бұқалардан тұратын жаңа табын құралып, өнімі мол жаңа тұқымның негізі қаланар еді.

4,4(59 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ