7-жаттығу. Ш.Бектұровтың
тапсырма.Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
1.Сәуленің жолдастары қонаққа бара жатыр. 2.Мен мына кітапты
кітапханаға апара жатырмын. 3.Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе,
тоқшылық пен молшылық елестейтін. 4.Қазіргі Қызылорда –ақ күріштің
атасы Ыбырай Жақаевтың Отаны. 5.1854 жылы Кіші Алматы өзенінің
бойында іргетасы қаланған.
Қазақстан жануарлары
Қазақстан табиғаты алуан түрлі болғандықтан, мында мекендейтін жануарлар түрі де қаншама.
Интернет желісіндегі ақпаратқа жүгінсек, Қазақстанда сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлері кездеседі екен.
Дала жануарларынан тышқан, сарышұнақ, алақоржын, қасқыр, түлкі, борсыққой, киік, ал құстардан дуадақ, тырна, торғайдың әр түрі (қараторғай, бозторғай, шымшық) кездеседі. Дала жануарлары табиғаттың ерекшеліктеріне икемді келеді және олардың түстері де дала бояуына қарай өзгере дамыған болады.
Орманды дала жануарлары қатарынан қоян, ақкіс, елік, қасқыр мен түлкі жиі кездеседі. Құстардан құр, шіл, бөктергі, ителгі сияқты жыртқыш кұстар мекендейді.
Қазақстанның таулы аймақтарының да өзіне тән жануарлары бар. Оларды мекендейтін жануарлар: тиін, орман тышқаны, саңырау құр, қарабауыр шіл, үкі, қаршыға, тоқылдақтың кей түрлері. Бұлардан басқа Алтайда қоңыр аю, тундра құры, may ұлары кездеседі.