Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. Мен, осы Тәуелсіз Қазақстанымда тұрып жатқаныма қатты бақыттымын!Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.
Объяснение:
Салт етістік[1] — табыс септікті сөзді қажет етпей, түрлі қосымшалы сөздермен тіркесіп келетін етістік түрі. Салт және сабақты етістіктердің тұлғалық жағынан айырмасы жоқ, негізгі ерекшелік етістіктің ішкі мағыналық құрылымында. Етістіктің салт не сабақты болуы мағыналарының нысанға бағытталуына байланысты болғандықтан, Салт етістік сабақты етістікке, керісінше, сабақты етістік салт етістікке айнала алады. Салт етістікті сабақтыға айналдыруда -тыр, -тір, -дыр, -дір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -ыр, -ір, -т секілді өзгелік етіс жұрнақтары (ағаш өсті — ағашты өсір; орындықта тұр — орындықты тұрғыз, т.б.), ал сабақты етістікті салт етістікке айналдыратын -ыл, -іл, -л, -н тәрізді ырықсыз, өздік етіс жұрнақтары (сабақты оқы — сабақ оқылды; кітапты ал — кітап алынды, т.б.) үлкен рөл атқарады.[2] Зерттеушілер мұндай қосымшаларды сөзжасам қосымшалары дейді, ал салт және сабақтылық белгіні етістіктің полисемдік немесе омонимдік сипатын ажырататын шарт ретінде ұсынады. Яғни бірдей айтылатын етістіктер әр уақытта тек салт не тек сабақты мәнде болса, онда ол көп мағыналы етістік те, бірде салт, бірде сабақты болса, омоним ретінде танылады.[3] Салт және сабақтылық қасиет түбір етістікке ғана емес, туынды, күрделі етістіктерге де тән.
Объяснение:
Абырой - ар-намыстың тазалығы және адамгершілік, еңбек, шығармашылық т.б. қызмет арқылы көпшілік тарапынан сый-құрметке ие ететін адамның қадір-қасиеті, қоғамдық бейнесі, беделін білдіретін іргелі этикалық категория.