Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.
Елді кезіп, жаңа жерді көріп, суретке түсіргенді ұнатамын. Биылғы жыл керемет саяхаттарға бай болды. Сол саяхаттар туралы асықпай жазып, сіздерге еліміздің керемет жерлерін таныстыруды жалғастырамын. Өйткені мындағы блогпарақшама жазбағалы көп болып қалды.
Алдағы уақытта Шығыс Қазақстанның керемет табиғатымен, Батыс Қазақстанның Хан ордасы туралы, Текелі маңайындағы табиғат көрінісімен, Астанадағы керемет көріністермен бөлісетін боламын. Көбін сіздер instagramдағы парақшамнан да көрген шығарсыздар. Ал мында мен сол суреттермен байланысты кейбір қызықты жәйттармен бөлісетін боламын.
Объяснение: