Менің ең жақын досым.
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы.
Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!
белбеу-менің белбеуім,сенің белбеуің,сіздің белбеуіңіз,оның белбеуі
қарыздар-менің қарыздарым,сенің қарыздарың,сіздің қарыздарыңыз,оның қарыздары
құпия-менің құпиям,сенің құпияң,сіздің құпияңыз,оның құпиясы
арман-менің арманым,сенің арманың,сіздің арманыңыз,оның арманы
қарсылас-менің қарсыласым,сенің қарсыласың,сіздің қарсыласыңыз,оның қарсыласы
жеңімпаз-менің жеңімпазым,сенің-жеңімпазың,сіздің жеңімпазыңыз,оның жеңімпазы
қоршаған орта-менің қоршаған ортам,сенің қоршаған ортаң,сіздің қоршаған ортаңыз,оның қоршаған ортасы
дүние-менің дүнием,сенің дүниең,сіздің дүниеңіз,оның дүниесі
табиғат-менің табиғатым,сенің табиғатың,сіздің табиғатыңыз,оның табиғаты
міндет-менің міндетім,сенің міндетің,сіздің міндетіңіз,оның міндеті
борыш-менің борышым,сенің борышың,сіздің борышыңыз,оның борышы
өнер-менің өнерім,сенің өнерің,сіздің өнеріңіз,оның өнері
театр-менің театрым,сенің театрың,сіздің театрыңыз,оның театры
фильм-менің фильмім,сенің фильмің,сіздің фильміңіз,оның фильмі