Спорт жайлы мақал - мәтелдер.
1. Денсаулық – зор байлық.
2. Айналдырған ауру алмай қоймас.
3. Ауру атанды да шөктірер.
4. Жарлының байлығы – денінің саулығы.
5. Сәті түскен ауруға не болса, сол ем болады.
6. Тәні саудың жаны сау.
7. Әуелгі байлық — денсаулық
8. Екінші байлық — он саулық,
9. Үшінші байлық — ақжаулық.
10. Шынықсаң шымыр боласың.
11. Дені саудың – жаны сау.
12. Спорт – бейбітшілік елшісі.
13. Белдессең – бекем бол.
14. Мықтылық мұратсыз келмейді.
15. Күш атасын танымас.
16. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
17. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.
18. Жүйрікте сын жоқ..
19. Жүйрік болсаң, шауып көр
20. Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.
Алматыдағы музейлер:
1)Д.А.Қонаев атындағы музей.
2)Мұқановтың әдеби-мемориалдық музейі.
3)Республикалық кітап музейі.
4)Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы.
5)Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы.
6)Алматы қаласының тарихы мұражайы.
7)Саяси қуғын-сүргін тарихы мұражайы.
8)ҚР Ғылым академиясының геология мұражайы.
9)Қазақ ұлттық медицина мұражайы.
10)Спорт және олимпиада даңқы мұражайы.
11)Ықылас атындағы республикалық ұлттық аспаптар мұражайы.
12)Ахмет және Ғазиза Жұбановалардың мұрасын зерттейтін орталық.
13)Абай мұражайы.
14)А.Байтұрсынов мұражай-үйі.
15)Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтың мемлекеттік әдеби-мемориалдық мұражай.
16)Археология мұражайы