М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
tania071168
tania071168
21.02.2023 20:56 •  Қазақ тiлi

подписка сосын лучший ответ​


подписка сосын лучший ответ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
nadya8903
nadya8903
21.02.2023
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап өз елін жарқын болашаққа бастап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаев сынды Ұлы көшбасшысы бар Қазақ елі – аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономикасы дамыған, бәсекелестікке қабілетті, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну.Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек».Елбасы Жолдауында айтылған осы бір сөздер әрбір саналы азаматтың жанын тербері сөзсіз. Ел мен тіл егіз ұғым. Мәңгілік сөзі бабалардан мирас болып кел жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазынамыздың бірі - ана тілімен де тығыз байланысты.
Алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
4,7(24 оценок)
Ответ:
CloseBooks
CloseBooks
21.02.2023

Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашаншәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар,мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қолжеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.

Әбу Насыр Әл- Фараби бабамыздың: «Ұстаз жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм шешен болуы керек. Және де ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы, қайратты күрескері болуы тиіс» - дейтін қанатты сөзі бар. Қай кезеңде де ұстаздықты ұлы мамандық деп санаған. Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен. Батыстағы Аристотельден кейін екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби, ал күллі Шығыс әлемін өзінің данышпандылығымен таңғалдырған «Шығыс ұстазы» атанған Сыма Цян сияқты әлемдегі ұстаздықтың ұлы үлгісін көрсеткен тұлғалар аз емес.

4,5(10 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ