Арба — ертеде әскери көлік ретінде қолданылған, кейін жол жүруге, жүк тасуға, сондай-ақ уақытша жылжымалы тұрғынжай ретінде пайдалануға арналған көне көлік түрі. Соғыс қимылдарына, әр түрлі рәсімдер атқаруға, спорт жарыстарына қолданылған әскери арбалар Вавилон өңіріндегі көне Киш қаласы орнынан (қазіргі Охеймир қалашығы, Ирак), шумерлердің қала-мемлекеті Үрімнен (Ур, қазіргі Тель-Мукайяр қалашығы, Ирак), Кавказдан, т.б. жерлерден табылды. Олар біздің заманымыздарн бұрынғы 3-мыңжылдықтың ақырында, тіпті одан да бұрын қолданылған. Әскери арбалар Шығыстағы ежелгі мемлекеттерде (Мысыр, Ассирия, Персия, Қытай, Үндістан, т.б.) ұрыс кезінде кеңінен пайдаланылды. Әскери арбаның бірнеше түрі болған. Жалғыз не екі ат жегілген қос доңғалақты арбада екі жауынгер – ат айдаушы және найза, қылыш, садақпен қаруланған сарбаз отырған. Төрт ат жегілетін төрт доңғалақты әскери арбалардың тертесіне найза, дөңгелек оқтықтарына шалғы бекітілген. Аттарға сауыт-жабу жабылған. Арбалы әскер алдыңғы шепте әрекет етті. Жаяу әскер олардың соңынан жүріп отырды. [1] Көшпелі халықтар арбаны қорғаныс құралы ретінде де пайдаланды. Арбалы көш жау шабуылы кезінде дөңгелек шеңбер жасап, қорғаныс шебін құрған. Ат жалын тартып міне алатындар «қорған» сыртында тұрып айқасқа кіріседі. Бұл сонау сақ, ғұн дәуірлерінен бері келе жатқан үрдіс. Ертедегі сақ-скифтер жазда жайлауға, күзде күзеуге, қыста қыстауға арбамен көшіп-қонды
Француз тілі ағылшын тілімен қатар Канаданың екінші ресми тілдерінің бірі болып табылады. Француздық канадалықтардың жалпы саны 26 пайызды құрайды.1642 жылдан кейін француздардың Канадаға қоныстануы басталды. Жаңа Францияны Англия басып алған кезде Канадада 60 мыңға жуық франкофон тұрды.Канадалық франкофонның 90% -дан астамы Квебек пен Нью-Брансуик провинцияларында тұрады.
Кариб аралдары Кариб теңізі мен Мексика шығанағындағы Солтүстік және Оңтүстік Америка арасында орналасқан. Барлығы шамамен 50 арал бар, мысалы Куба, Гаити, Ямайка, Пуэрто-Рико. Олардың ауданы 228,662 км2. Халық саны 42 000 000 адамды құрайды. Ең үлкен арал - Куба.Аралдардағы ресми тілдер: испан, ағылшын, француз және тағы басқа. Климаты тропикалық, ыстық
Франкофония-француз тілінде сөйлейтін мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Әртүрлі мемлекеттердің 58 мүшесін, сонымен қатар 26 көрермендерді біріктіреді. Бұл қоғамдастыққа кіру үшін мемлекет француз тілін жетік білуі және Франциямен мәдениетті қатынаста болуы керек. Франкофония терминін 1880 жылы географ Онезимо Реклю енгізген болатын. Алғашқы саммит 1986 жылы Парижде өтті. 1960 жылы Франкофонияның ресми институттарының алғашқысы болып, мемлекеттік Франкофондық халықаралық білім беру министрлерінің Конференциясы (CONFEMEN) құрылды. 1985 жылдан бері Франкофония ойындарын спортшылардың кездесуі ретінде ұйымдастыратын спорт және жастар министрлерінің Конференциясы 1969 жылы құрылды. Үшінші саммитте Африкаға көмек көрсету туралы шешім қабылданды.
Мен білем бірак білмейм