М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
svetalychok2
svetalychok2
29.01.2021 19:08 •  Қазақ тiлi

Все есть у фото на верху.​


Все есть у фото на верху.​

👇
Ответ:
trollotrollovit
trollotrollovit
29.01.2021

мəтін жоққой а

4,5(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Ернур150400
Ернур150400
29.01.2021
Бауырсақ – шай, қымыз, шұбат ішкенде дастарқанға салады. бауырсақты жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісіреді. оны қамырды ашытып та ашытпай да дайындауға болады.   салма – ұннан дайындалатын тамақ түрі. салманың аты әр жерде әртүрлі: салма, кеспе, жайма, шелпек, нарын, үзбе т.б. салманы сорпаға, не суға қатты етіп қамырдан дайындайды. дәмді болуы үшін оның қамырына бір-екі жұмыртқа салған жөн. қамырды оқтаумен жұқалап жайып, одан соң пышақпен жіңішкелеп кесіп, не болмаса қолмен үзіп, қайнап тұрған сорпаға пісіріледі.   қаттама нан. май, жұмыртқа, сүт құйып, қатты етіп иленген қамырды жұқалап жайып, жайманың бетіне май жағады, оны оқтауға орап, пышақпен бірнеше етіп бөліп, әр бөлікті қайтадан жаяды. бөлшектелген нан қазанда қыздырылған майға пісіріледі.      таба нан – табаға пісірілген нан. тандыр нан – тандырға пісірген нан. талқан – қуырылған бидайдан, арпадан, жүгеріден ұнтақтап дайындалады. ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. бірі – қол диірменге тарту, екіншісі – келіге түю. талқан аса дәмді әрі құнарлы тамақ. оны майға, кілегейге, қаймаққа араластырып жеуге де, шайға салуға да болады.   жент (қоспа) – қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам. жент былғау шеберлікті талап етеді. ақталған тарыны келіге түйіп (немесе диірменге салып) ұнтақтайды. оған құмшекер, ұнтақталған ірімшік салып араластырады. содан соң, қазанға жылқының майын құйып ысытып, жаңағы араластырған тары мен ірімшікті салып, оттың болмашы табында араластырады. жент майды бойына сіңірген соң, ыдысқа салынып, салқын жерге қойылады.        айран – ұйытылған сүт. оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады. ол үшін сүтті 5-10 минут қайнатып, қанжылым қалыпқа түскенше суытады. содан соң ұйытқы (ашытқы) қосып араластырады да, ыдысты жақсылап бүркеп тастайды. ол 1–2 сағат аралығында ұйып болады. ұйыған айран ашып кетпеуі үшін оны бетін ашып салқын жерге қояды. айранды сусын ретінде, тағам ретінде де пайдалануға болады.   қатық сиырдың, қойдың, ешкінің қаймағы алынбаған сүтінен ұйытып әзірленеді. қатық піскен сүттен де ұйытылады. қатық ұйыту үшін жылы сүтке ұйытқы құйып, ыдыстың бетін жауып, күн түспейтін жылы жерге 2-3 сағаттай қояды. қаймағы алынбаған сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың қаймақ тұрады. ал кілегейі алынбаған шикі сүттен ұйытылған қатықтың бетіне қалың кілегей жиналады. шалап көбіне жаз айларында шөл басатын бірден-бір пайдалы сусын. шалап дайындау үшін алдымен айран немесе шұбатты үлкен ыдысқа құйып алады да үстіне су қосады. сөйтіп қасықпен жақсылап араластырады. бір литр айран немесе бір литр шұбатқа бір литр су қосу керек. шалап түйе сүтінен ашытылады. бұл әрі сусын, әрі тағам. қымыз – биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. сары қымыз дертке шипа, денеге күш. қымыз негізінен жылқы терісінен тігіліп, әбден – тобылғы түтінінің ысы сіңген сабада не болмаса ағаш күбіде ашытылады. қымыздың ашытқысы «қор» деп аталады. дәкеге түйген қорды сабаға не күбіге салып, оның үстіне бір шелектей жаңа сауған салқын саумалды құйып, ыдыстың сыртын жылылап орап тастайды. қор езіліп саумалға тегіс тарағанда саумалдың дәмі қышқылданады. сөйтіп, жаңа қор жасалады. жаңа қордың үстіне салқындатылған (әйтпесе қымыз ірімтектініп кетеді) саумалды құйып, әр жолы саумал құйылған сайын піспекпен жарты сағаттай пісіп араластырып отырады.
4,4(78 оценок)
Ответ:
jf7yyf
jf7yyf
29.01.2021

Менің қалам – Петропавл.

Менің туған қалам – Петропавл қаласы. Петропавл — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан бері). Қаланың негізі Есіл өзенінің оң жағалауында 1752 жылы қаланған. «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» демекші, өз туған қаламды ерекше жақсы көремін.

Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан.

Бүгін біздің Петропавл — 222 шаршы км-ді алып жатқан Республиканың ірі өнеркәсіп және мәдени орталық. Онда 130 ұлт 205,9 мың адам тұрып жатыр. Қазіргі кезде Петропавл астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі болды. «ТМД-ның үздік қаласы» көрме-конкурсына қатысып, үш грантқа ие болды, оның ішінде «Тарихи-мәдени мұраларды сақтағаны үшін» грантына лайықталды.

Соңғы жылдары Петропавл қаласы бидай өсіретін сонымен қатар бидай шығаратын 3 млн га бидай егілетін және бидай жинауда Қазақстан Республикасының 25 % өнімін құратын аймақтың орталығына айналды. Менің қалам екі маңызды темір жол магистралы: Транссібір және Трансқазақстан жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан.

4,5(1 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ