Алаң да, алаң, алаң жұрт,
Ақ ала ордам қонған жұрт…
Қазтуған жырау
Негізі кішкентайымнан орыстардың арасында өскен баламын Оралда («Орал орыстардың қаласы» деген «стереотиптен» айырылыңыздаршы сосын!). Дима, Вася Каргиндер бар, Игорь бар, Стас бар, Никита бар, көрші — Дядя Витя бар тағы… аз ба?! Жалғастырсам, жетіп артылады… Кейбірі досым да болды. Біреуінің тұмсығын бұзбадым, алдарында есемді де жібермедім. Орыс тіліне жетік болғаным солардың арқасы. Мойындауым керек! Ауылдың құмдарында қара домалақтармен емес, сол «аққұлақтармен» құлын тайдай тебісіп өстім. Бірақ "қазақтығымды" жоғалтпадым(мақтанатын нәрсе емес әрине).
Табиғаттағы адамды қоршаған бүкіл жаратылыс- бұл бізді қоршаған орта. Қоршаған орта: ол ауа, су, тау, тас, аспан, жер, ағаш, орман, түрлі жәндіктер мен жануарлар.Адам осы қоршаған ортаны қорғай білуі қажет. Оны қалай қорғаймыз, оның қарапайым тәсілі, зиянды іс-әрекеттерден аулақ болу. Өзіміз пайдаланатын суды алайық, оны ластамау үшін суға кез келген затты тастамауымыз керек. Ауаны ластайтын заттарды қолданбауға тиіспіз. Ормандарды өртемеу керек. Ағаштарды беталды кеспеу керек. Топыраққа зиянды заттарды араластыруға болмайды. Күнделікті үй тұрмысындағы пайда болатын қоқыстарды арнаулы жәшіктерге тастауымыз керек. Міне, осының бәрі қоршаған ортаны қорғаудың ең қарапайым тәсілдері.
Объяснение: