Менің бас уақытым өте аз. Аптаның алты күнінде сабақ оқимын. Жексенбіде отбасымызбен серуенге шығамыз, табиғат аясында демаламыз. Мен өзімнің демалыс күнімді қызықты өткізгенді ұнатамын. Бұл күні мен достарыммен кездесіп, киноға немесе сауықтыру орталықтарына барғанды ұнатамын. Жалпы бос уақытында адамдар өздерінің сүйікті істерімен айналысқанды ұнатады. Менің сүйікті ісім – кітап оқу, шаңғы тебу. Қыста мен таңертеңгі астан соң-ақ шаңғы тебуге кетемін. Мен шаңғыны үйімнің жанындағы паркте тебемін.
1 мамыр жайлы шағын шығарма
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні менің сүйікті мерекелерімнің бірі, себебі Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлттар достастығы жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстан кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, ұлтжанды азамат болу керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.
Менің сыныбым.
Мен №8 қазақ гимназиясының 3 "г" сынып оқушысымын. Менің сыныбымда 30 оқушы бар, олардың 15-і ұл, 15-і қыз. Сыныбымызда оқушылардың барлығы дерлік сабақты 4 пен 5-ке оқиды.
Сыныбымыз өте ұйымшыл. Мектепаралық, қалааралық өтетін сайыстардың бәріне белсене қатысып, не 1 -ші , не 2 -ші орынды қанжығамызға байлаймыз.
Сынып жетекшімізідің есімі - Айнұр Болатқызы. Апайымыз өте мейіріміді жан. Сыныбымдағы оқушылар бірін - бірі ренжітпей, мұғалімдердің айтқанын тыңдайды.