«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Міне, менің қалам, университетім, менің сүйетін Жаннам. Мен сендерге соғыс өртін қақ жарып өтіп келе жатырмын. Әрі асығам. Әрі алқынам. Мен сендерге жеткім келеді. Бірақ дәл жолымда көлденең тосып, автомат ұстаған неміс тұр. Ол мені өлтіргісі келеді. Ол менің жолымды бөгемек болады. Мен сақ болмасам, ол мені өлтіреді де. Онда ол менің барлық туған-туысқандарымды да өлтіреді. Қаламды қиратып, университетімді талқандайды.
Менің туысқандарым өз тағдырларын маған тапсырды. Ол тағдырға мен жауаптымын. Сол жауапты бере аламын да.
Шығыстан тан атып келеді. Түнді күн жеңіп таңертеңгі алагеуім бола бастады. Қазір: «Тұрыңдар!»—деген белгі беріледі де, дос-жолдастарым түгел түрегеледі. Хатты тез аяқтап, майданға жөнелу керек, өзіңнің борышыңды өтеу керек. Жанна жаным, қош бола тұр көріскенше! Мен фашисті өлтіруге жөнелдім.
Батыс майдан, 1942 ж. Октябрь
Мәтіндегі көтерілген мәселені (үш -төрт сөйлеммен түсіндір.)
«Хатты тез аяқтап, майданға жөнелу керек, өзіңнің борышыңды өтеу керек» деген жолдарды қалай түсінесің? (Үш- төрт сөйлеммен түсіндіріп жаз.)
Қарамен жазылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса.
2-тапсырма
Берілген екі тақырыптың біреуін таңдап, шағын эссе жазыңыз.
«Қазақтың батыр қыздары» (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанованың ерлік істері туралы)
«Ұлы ерлікке тағзым» (Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсеткен батырлар жайлы)
Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.Қаншама адамдар қайтыс болды. Желтоқсан көтерілісі болды қаншама біздің аға- әпкелерімізді қинады шаштарынан жұлып .Бірақ біз енді бұл тәуелсіздігімізді жоғалтпай керісінше жоғарлатып биіктен көрсетейік жастардың болашағы әлі алда .Біз Қазақстанды қандай екенін жері қандай кең екенін ешкім білмейді. Менің тілегім тек елімізде ешқандай соғыс болмаса екен . Тыныштықта өмір сүріп елімізде бейбітшілік пен тыныштық болсын. Әр елмен тату- тәтті өмір сүрейік. Барлық халықпен тату болайық. Тіліміз басқа болған мен тілегіміз бір ел болайық . Қазақстан көркейе бер гүлдей бер