М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
mandarinka3001
mandarinka3001
12.09.2021 17:40 •  Қазақ тiлi

ЖАЗЫЛЫМ 7-тапсырма. 1) Мәтінде қолданылған 5-деректі, 5-дерексіз зат
есімдерді теріп жаз.
және сапалық, қатыстық 5 сөйлем табу жоқ болса таппақтардан болу қажет.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
gogamer228
gogamer228
12.09.2021
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Тұлпарыңның шабысын,
Домбыраңның қағысын,
Күңіренткен тау ішін,
Дарияңның ағысын
«Сүйем!» десем - бәрі шын,
Қазақстан - намысым!
Әрбір тасы - киелім,
Әр уығы - жүйелім,
Ән кернеген жүрегін,
Күй кернеген тиегін,
Сары алтыннан сүйегің,
Қазақстан - жыр елім!
Шаңырағың - шырағым
Топырағың - тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан - қыраным!
Айың тусын оңыңнан,
Күнің тусын солыңнан,
Жұлдыз жансын жолыңнан,
Басыңа бақ орнасын,
Қыдыр болсын жолдасың,
Құдай сені қолдасын,
Қазақстан - көз жасым!..
4,8(88 оценок)
Ответ:
Katia1717
Katia1717
12.09.2021

- Ардақ, мені сурет көрмесіне шақырғаныңа рақметімді айтқым келіп тұр. Қалайша суреттерді тамашалау арқылы рақаттануға болатынын білмегенмін?

- Оқасы жоқ. Сәуле, қазір қазақта айы оңынан туған, есімдері ел аузына ілігіп жүрген төл суретшілеріміз аз емес. Бүгінгі көрме де соның айғағы іспеттес.

- Қандай керемет!

- Әбілхан Қастеев туралы естіген боларсың? Келесі жолы мен сол мұражайға алып барамын.

- Өте жақсы болар еді. Ол кісінің жұмыстарымен жеке танысуға еш мүмкіндік болмапты.

- Жалпы, Әбілхан Қастеев - Қазақстанның кәсіпқой суретшілерінің алғашқы толқынының өкілі, Қазақстанның Халық суретшісі. Қазақ халқының мәдени мұрасы мен рухани дәстүрі негіз болған тарихи сурет, пейзаж, портрет жанрларында жұмыс істей отырып, оларды өз дүниетанымымен ұштастыра отырып дамыта білді. А. Иманов, Ш. Уәлиханов, Абай, Жамбыл портреттері өзінің қайсарлығы мен талантының арқасында халқының мақтанышы болған адамдардың биік рухани бейнесін көрсететін туындылар.

- Керемет! Мен келесі аптаның бір күніне мұражайға билет алайын. Міндетті түрде бірге барайық, жарай ма?

- Әрине, барамыз. Ал, қазір, жүр, мына жақтағы суреттерді тамашалайық.

4,8(73 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ