Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалаймыз. Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі — Жаңа жыл. Бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Балалар аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Жаңа жыл мерекесін тойлап болған соң қысқы демалысымызға шығамыз. Қыс мезгілінде барынша жылы кейінеміз. Қанша дегенмен қыстың өз қаталдығы бар. Менің қысқы демалысым өте қызықты өтті. Мен атам мен әжемнің үйіне және көкемнің үйіне қыдырдым. Көкемнің балаларымен коньки тебуге бардық. Қораның ішінде аққала жасап, шанамен ойнадық. Қыс мезгіліндегі даладағы ойындар, әдемі жерлердегі серуедер өте керемет болды. Қыстың аппақ қарымен, өзіндік қаталдығы бар ызғарынан ерекше әсер алдым. Қыс мезгілі мен үшін ерекше таңғажайып мезгілдей сезімде болдым. Қысқы демалысымда жақсы демалдым. Үшінші тоқсанға ерекше ықыласпен, үлкен күш қуатпен сабағыма кірістім десем болады.
Менің қысқы демалысым туралы.
Оқу жылының басталғаны енді ғана еді, екінші тоқсан да аяқталып, қысқы демалыс уақыты та келіп жетті. Мен биылғы қысқы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.
Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.
Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Ауа райының салқындығына байланысты жаздағыдай көлге шомыла алмасақ та, түрлі экскурсиялар мен мұражайларға бардық, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Күндіз шана теуіп, қар лақтырысып та ойнадық. Қысқы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен көктем мезгілінде де келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық. Себебі, жылдың қай мезгілі болмасын, Бурабайдың табиғаты ерекше!
Қорық– аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланылудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі.
Қорықтар сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғауды қамтамасыз етеді.
Суретте ақбөкен берілген. Бұл жануар кезінде далаларда көптеп кездесті.Ал қазір болса броканерлердің кесірінен дала өңірінең азайып бара жатыр.Бұл жануарларларды қазіргі кезде қорғауға алып жатыр.