Жалғаулар
Жалғау— сөз бен сөзді байланыстыратын, сөз аралығындағы қатынастардың көрсеткіші болып табылатын, сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Жалғаудың төрт түрі бар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік. Жалғаулар бірінен соң бірі жалғана береді. Мұндай жағдайда көбінесе алдымен көптік, онан соң тәуелдік, сөз соңында септік жалғаулары жалғанады, жіктік жалғауы да сөз соңында жалғанады: оқушы-лар-ымыз-ға, бала-мыз, келе-сіз.
Көптік жалғаулар: дар/дер л, м, н, ң, ж, з
тар/тер қатаң дауыссыздар + б, в, г, д
лар/лер дауыстылар + й, р, у
қағаздар, емтихандар, кiлемдер, жолдастар, мектептер, таулар, үйлер.
Септік жалғаулар арқылы есімдер сөйлемдегі етістіктермен де, шылау сөздермен де, есімдер өзді-өздері де жалғасып әр алуан қарым-қатынасқа түседі.
Атау септік: – еш жалғаусыз.
Ілік септік: - ның, - нің, - дың, - дің, - тың, - тің.
Барыс септік: ға,ге,қа,ке.
Табыс септік: - ны,- ні, - ды, - ді, - ты, - ті.
Жатыс септік: - да, - де, - та, - те.
Шығыс септік: - нан, - нен, - дан, - ден, - тан,- тен.
Көмектес септік: - мен, - бен, - пен.
Мысалы:
Кітап/мектеп
Кітаптың/мектептің
Кітапқа/мектепке
Кітапты/мектепті
Кітапта/мектепте
Кітаптан/мектептен
Кітаппен/мектеппен
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді
I жақ: -м, - ым, - ім.
II жақ: –ң, - ың, - ің.
II жақ: –ңыз, - ңіз, -ыңыз, - іңіз.
III жақ: -сы, - сі, -ы, -і.
Мысалы:
Жекеше:
Менің досым/дәптерім
Сенің досың/дәптерің
Сіздің досыңыз/дәптеріңіз
Оның досы/дәптері
Көпше:
Біздің досымыз/дәптеріміз
Сендердің достарың/дәптерлерің
Сіздердің достарыңыз/дәптерлеріңіз
Олардың достары/дәптерлері
Жіктік жалғау - баяндауышқа ғана тән жалғау. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.
Жіктеу категориясы - қазіргі қазақ тілінде тек етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет.
Жекеше /// көпше
І жақ -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін /// І жақ - мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз.
ІІ жақ -сың, -сің /// ІІ жақ -сыңдар, -сіңдер
ІІ жақ -сыз, -сіз /// ІІ жақ -сіздер, -сыздар
ІІІ жақ – ///ІІІ жақ-
Оқушымын /Оқушымыз
Оқушысың/ Оқушысыңдар
Оқушысыз /Оқушысыздар
Оқушы/ Оқушылар.
1. Кеше қай сабақ болды:?
2. Сурет сабағында біз не істедік?
3. Мұғалім не істеді?
4. Сурет сабағыя қашан болды:?
5. Мен кім болғым келеді:?
6. Мен кіммен сурет үйірмесіне барамын:?
7. Менде не бар::??
8. Біз Саша екеуміз қайда барамыз::??
9. Мұғалім суретті қайда салды:?
10. Біз суретті қашан саламыз::???
11. Менің мақсатым қандай::??
12. Қандай суретші болғым келеді.?
13. Сурет сабағына мен не әкелемін?
14. Сурет дәптеріммен қатар менде не бар?