М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
777SwimmeR777
777SwimmeR777
15.07.2022 01:16 •  Қазақ тiлi

Қандай табиғи құбылыстарды байқауға болады​

👇
Ответ:
ruzhovaelizave
ruzhovaelizave
15.07.2022

Байқау — белгілі бір мақсат қойып, объектіні әдейі қабылдау. Ой жүгірту, зейін қою байқаудағы негізгі әрекеттер. Психологияда кең тараған әдіс, оның мәнісі: зерттеуші басқа адамның іс-әрекетін, оның мінез-құлығын, психикасын, сыртқы көріністерін (қимыл-қозғалыстарын, сөйлеген сөзге реакцияларын, мимикасын, жалпы әрекетін), сондай-ақ адамның ерік-күшін, сезім ерекшеліктерін, темпераментін, жүріс-тұрыстарын жүйелі, жоспарлы түрде бақылайды, осыған орай ол адамның психикалық үрдістері, жай-күйі және психикалық қасиеттері жөнінде қорытынды жасайды. Белгілі жоспар бойынша жүйелі біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау әдісі әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі.

Байқау әдісі әрі жүйелі, әрі мақсатты үрдіс, арнайы жүргізілген әрекет. Ғылыми байқау кездейсоқ, дұрыс ұйымдастырылмаған және жоспарлы түрде жүргізілмейтін қарапайым байқаудан өзгеше болып келеді. Ғылыми байқау үрдісінде аса сақ, дәлме-дәл болып байқалатын объектіге ешқандай бұрмалау жасамау керек. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады. Ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мысалы, зерттелінетін объектіні суретке түсіру үшін фотоаппараттар, сыналушының сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жаңғырту үшін диктофон, магнитофон т.б. пайдаланылады.

Байқау әдісі нәтижелі болып шығуына қажетті кейбір шарттар:

1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;

2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа үлгерімі нашар оқушыны алатын болсақ, мақсатымыз оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының ерекшеліктерін білу;

3) Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, кейін оған мұқият талдау жасау басты фактілерді сұрыптап алу — осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі. Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты сол сыналушыға қатысы барлармен бірлесе отырып, оқушының оқу әрекетін дамыту үшін нақты жұмыстар белгіленеді.

Байқау кезінде адамның мінез-құлқын дұрыс Түсіне білудің де маңызы үлкен. Қазіргі кезде күнделікті іс-тәжірибемізде де, белгілі ғылым салаларында да объективтік байқау әдісі қолданылады.

Бұл әдістің үш түрі бар:

Бір түрі — мәнді және қызық деп тапқан психологиялық фактілерді анда-санда баяндап отыру. Әдістің мұндай жолын кездейсоқ байқау деп атайды.

Екінші түрі – нысанаға алынған объектінің қимыл-қозғалыстарын жүйелі түрде үздіксіз байқау. Бұл — ұдайы байқау әдісі.

Үшінші түрі байқауға алынған объектіге белгілі бір мерзімде назар аударып отыру. Әдістің бұл түрін таңдамалы байқау деп атайды.

Осы аталған байқаулардың қандай түріне болса да қойылатын талап — байқаушы бақылаған фактілерді баяндап қоюмен қанағат етпей, сол құбылыстардың сырт көрінісіне сүйене отырып, ішкі сыры мен психологиялық мазмұнын ашуға міндеттілігі.

Байқау кезінде — байқауға алынған объектінің байқау бағдарламасын, жоспарын жасап алу қажет. Әйтпесе байқаушының зейіні зерттеліп отырылған объектінің екінші бір кездейсоқ силаттарына ауып кетуі мүмкін, ал мұндай фактілердің жиынтығы арқылы жасалған психологиялық байқау жалған болып шығуы ғажап емес. Психикалық үрдістерді зерттеудегі өзін-өзі байқау (интроспекция) әдісінің бүгінде маңызды орны бар, сондықтан оны объективтік байқау әдісіне жәрдемші әдіс ретінде пайдалану дұрыс. Байқау әдісімен психикалық құбылыстарды көлденең әсерлермен өзгертпестен, объектіні өзінің үйреншікті ортасыңда байқауға болады, сонымен қатар байқау әдісі арнайы лабораторияларды, қымбат құралдарды керек етпейді. Байқау әдісі кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік (байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Байқау — өмірдегі әр түрлі жағдайлардағы адам іс-әрекеті мен қылықтарының фактілерін жинауға көмектесетін әдіс.

4,6(52 оценок)
Ответ:
katemur6969
katemur6969
15.07.2022

14 таңғажайып табиғат құбылысы!

1. Қос кемпірқосақ.

2. Дөңгелек (сақиналы) кемпірқосақ.

3. Айдың кемпірқосағы.

4. Жеңіл (немесе күн) бағандар.

5. Аврора Бореалис.

6. Парелий (жалған күн, үш күн).

7. От кемпірқосақ немесе қиғаш доға.

8. Накреус бұлттары.

9. Лентикулярлы немесе линзалы бұлттар.

10. Жоғары пішінді бұлттар.

11. Толқынды (шайтандық) бұлттар.

12. Мұздатылған метан көпіршіктері.

13. Су құбыры.

14. Глория.

Объяснение:

4,6(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
TimurZel
TimurZel
15.07.2022
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. 
4,6(29 оценок)
Ответ:
Алма (лат. malus) — раушангүл тұқымдасына жататын, өте кең тараған ағаштарының жемісі. Табиғи алманың жер шарында бізге 36 түрі белгілі, олардың 10— 12-сінің шаруашылықтық маңызы бар. Қазақстанда, негізінен, Сиверс алмасы, Недзвецкий, қырғыз алмасы өседі. Алманың жаздық, күздік, қыстық сұрыптары бар. Алма ағашының өмір сүру ұзақтығы 20—100 жыл, биіктігі 4—10 м болады. 3—12 жылда жеміс береді, әр гектардан шамамен 100—300 ц өнім алынады. Тұқымынан және өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. Тұқымынан көбейту бұлама алуда және селекцияда қолданылады. Алманы көбейту кейде ұластыру арқылы да жүзеге асады. Қазақстанда алманың 40-тан астам сұрыптары аудандастырылған, оның 20-сын (Салтанат, Іле, Алатау шапағы, Алматы т.б.) қазақ селекционерлері өсіріп шығарған. Алма жемісі тасымалдауға, сақтауға жарамды, тағамдық заттарға бай, дәмді келеді, әрі жақсы өңделеді. Алма құрамында 83—88 % су, 7,5—16 % қант, 0,2—0.8 % қышқыл, 9,5—18,5 % құрғақ қалдық, 0,28—1,0 % илік заттар, А, В1, В2, В6, С, РР витаминдері, көптеген минералды заттар бар. Шырынынан шарап, сусын дайындалады, жемісін емдік дәрі ретінде де, адам организмін ауыр металл заттардан тазалауға, қан бұзылу және жүрек ауруларын емдеуге қолданады. Алманың зиянкестері: алма жегіші, алма биті, шие бізтұмсығы, гүл жегіші. Алма аурулары: алма қотыры, ақ ұнтақ, жеміс шірігі, т.б.[
4,8(96 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ