Қалтырауық қамыр кемпір және Ақ боран
Күзем алу
Тоғыз аяқ, тоғыз табақ
Тоқым қағар
Жар-жар (ойын-сауық)
Қыз кәде
Беташар
Бастаңғы
Бұғынбақ
Шалма (ойын)
Түйілген шыт
Дауыста, атыңды айтам
Сиқырлы таяқ
Шертпек
Инемді тап
Айдап сал
Қарамырза
Белбеу тастау
Монданақ
Қаһарлы-Бану
Көрші ойыны
Кім шертті?
Есімде (ойын)
Сақина тастау (ойын)
Жылдырт-жылдырт
Үйімнің үстіндегі кім?
Алтыбақан
"Қарт адам – қазына" (атам мен әжем туралы)
Халқымызда «Кәрінің бәрі игі» деген ежелден келе жатқан нақыл сөздер бар. Қазақ халқы қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен халық. Ата – бабаларымыздың сара жолын жалғастырып, бүгінгі күні өскелең ұрпаққа үлгі – өнеге көрсетіп, өмірден білген – түйгендерін жастарға үйретіп отырған осы ак сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Шынымен де, «қарт адам – қазына» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі қария, ақсақалдар – үйдің берекесі, ақылын айтар дана кісілер. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі, үйдің ажарын кіргізіп отыратын да– осы кісілер.
Менің де ата – әжем бар, олардың мен үшін алатын орындары да бөлек, оларды ерекше жақсы көремін. Ешбір мейрамды әжемнің пісірген тәтті, ыстық бауырсақтарынсыз елестете алмаймын. «Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Біз атамыз бен әжемізбен тұратындықтан біздің үй «қара шаңырақ» аталып кеткен, міне, сондықтан алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе,міндетті түрд біздің үйге келіп, ат басын тірейді.
Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналынатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
Түрлері қажет пе?