5-сынып «Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып шығып, төменде берілген тапсырманы орындаңыз.
Тұржан, фотограф: Хобби өмірлік ісіме айналды
–Фотоға түсіру әлеміне қалай келдіңіз?
–Өзім мектеп жасынан бастап ұйымдастырушылыққа жақсы болатынмын. Сонымен қатар музыкалық мектепте оқып, ән айтатынмын, жалпы айтқанда шығармашыл адам едім. Мектеп жасында кішкентай фотоаппаратыммен сыныптастарымды суретке түсіріп жүргенде, қызығушылығым өмірлік ісіме айналып кетті. Мектеп уақытында суретке түсіру мен үшін хобби болатын, ал қазір нағыз өнердің бірі деп есептеймін.
–Суретке қай жерде түсіргенді жақсы көресіз?
–Маған табиғатта суретке түсіру қатты ұнайды, ал студияда жарықтардың,
көлеңкелердің қосындысын қолдану бір керемет әсер береді. Дегенмен де табиғаттың
орны ерекше ғой!
–Ең алғаш түсірген суретіңіз есіңізде ме?
–Ең алғаш түсірген суретім, тұңғыш тапсырмам есімде. Сол уақытта несиеге
фотоаппартты сатып алдым. Досым хабарласып: «Cенің фотоаппаратың бар ғой, мектеп бітірушілерін суретке түсіруге қалай қарайсың?»,- деген еді. Мен үшін бастысы қаржы емес, бастысы- суретті сапалы түрде шығару.
- Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Ғалымжан Сәңкібаев
Тұжырымның дұрыс нұсқасын+ белгісімен көрсетіңіз. [ ]
Тұжырым Дұрыс Бұрыс
1 Мәтін кейіпкері мектеп қабырғасында жүргенде өз кәсібін таңдаған.
2 Б.Тұржан суретке табиғат аясында түсіргенді ұнатады.
3 Суретке түсіруші үшін маңыздысы – еңбегінің жақсы бағалануы.
2-тапсырма. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз. [ ]
А) Ауыспалы мағынада берілген сөздердің тура мағынасын жазыңыз. Әннің аяғы, алтын уақыт, қазақ тілі, жас адам.
Ә) Берілген мақал-мәтелдерден омоним, синоним антоним және көп мағыналы болатын сөздерді анықтап, бағанға бөліп жазыңыз.
Жаман сөз жылатады, жақсы сөз жұбатады.
Ең тәтті де тіл, ең ащы да тіл.
Айтулы достың малы бір, кемедегінің жаны бір.
Ат жақсысын мақта, Адам жақсысын жақта.
Талабы жоқ жас, Қанаты жоқ құс.
Бітер істің басына, Жақсы келер қасыңа.
Атақоныс – алтын мекен.
Көне киім жаңаны сақтайды.
Кәрі әже баланы сақтайды.
3-тапсырма. Төменде берілген тақырыптың (екі сұрақтың) біреуін таңдап, 50-60 сөзден тұратын сиапттау эссесін жазыңыз. [ ]
1. Сіз «Уақыт» сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл сөздің мән-мағынасын білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз. Халықта мынадай сөз бар: «Өмірдегі ең қиын үш нәрсе: сыр сақтау, уәдеде тұру және уақытты босқа өткізбеу». Сіз ең жақын досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сипаттап, эссе жазыңыз (50-60 сөз көлемінде).
2. «Қазақстанның Қызыл кітабы» – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым екені белгілі. Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар мен өсімдіктерді білесіз? Жауабыңызды сипаттап жазыңыз (50-60 сөз көлемінде).
Қазақстанның қызыл кітабы 2 бөлімге бөлінеді. Біріншісі-өсімдіктерді қорғау туралы, екіншісі-жануарларды қорғау туралы. Әлемде 6 миллионнан астам өсімдік бар, және олардың көбісі өлім, жойылу алдында болып келеді. Сондықтан олар қызыл кітапқа еніп отыр. Тағы жануарлар бар, олардың елік, арқар, бұғы сияқтылары жойылып жатыр. Олар да қызыл кітапқа енген. Олардың жойылуын тоқтату үшін, оларды аулап, өлтіріп, оларға зиян келтіруге тиым салынған.
Казахский "Ырыс переходит, жұғысады образования", - говорит он. Действительно, кому-то жұғысады образования. Народ знает этого "Білмегеннен сұрағанның вины нет,знаешь, сұрамасаң" говорит.Впервые книга твой друг знает, как с білмегеніңді. Книга - близкий друг. Он не раскрывает твой айыбыңды, сырынды шашпайды наружу, хотите тебе в любое время готовы оказать Но всегда көнеді, айдауында происходит, реагируют задача, ума не требует. Но и ты будь заботливым книге. Люби его. Нк говорил его мудрый наставник. Фл Көкейіңе слива. Состоялась viii международная выставка кошек қызғанба жақсылығынды Озің знал, обучай. Книга - кладезь мудрости. Он только долго и быстро впитывается в нас тарағанда . достигает цели только жұмсалғанда благополучию. Книга - общее имущество, народное достояние, неиссякаемой бұлагы образования.
Ұстаз - жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысындамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
Қазақстанның қызыл кітабы
Қазақстанның қызыл кітабы 2 бөлімге бөлінеді. Біріншісі-өсімдіктерді қорғау туралы, екіншісі-жануарларды қорғау туралы. Әлемде 6 миллионнан астам өсімдік бар, және олардың көбісі өлім, жойылу алдында болып келеді. Сондықтан олар қызыл кітапқа еніп отыр. Тағы жануарлар бар, олардың елік, арқар, бұғы сияқтылары жойылып жатыр. Олар да қызыл кітапқа енген. Олардың жойылуын тоқтату үшін, оларды аулап, өлтіріп, оларға зиян келтіруге тиым салынған.