М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
п7е2р1с6и4к
п7е2р1с6и4к
10.02.2021 03:49 •  Қазақ тiлi

«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан. Бұл театр сән-салтанаты асқақ ғимаратымен және залдардың көркемдігімен ғана емес, сондай-ақ талантты труппа орындайтын тамаша репертуарымен таң қалдырады. «Астана Опера» 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы «Біржан-Сара» операсымен ашты. «Біржан-Сара» операсы музыкалық-поэтикалық дәстүрдің жарқын көрінісі. Сол жылдың күзінде «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері болып, Дж. Вердидің «Аттила» операсы қойылды.
«Астана Опера» опера және балет театры әлемнің аса сәулетті театрларының бірі. Сәулеті бойынша ол Миландағы «Ла Скала», Мадридтегі Корольдік театр, Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорктегі Метрополитен-опера және т.б. атақты опера театрларының қатарынан орын алды. Театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын көрінеді. «Астана Опера» - алыптығы мен техникалық мүмкіндіктері бойынша әлемдегі үшінші опера театры. Театрдың бас залы 1250 орынға есептелген.
1. Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.

Тұжырым
Шын
Жалған

А
«Астана Опера» - үлкендігі бойынша әлемдегі үшінші опера театры болып табылады

В
Театр ең алғаш «Аттила» операсы арқылы салтанатты түрде ашылды

С
«Астана Опера» опера және балет театры Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан

поставить шын или жалған ​


«Астана Опера» опера және балет театры Қазақстанның елордасы Астана қаласында Есіл өзенінің сол жаға

👇
Ответ:
DDaVV
DDaVV
10.02.2021

В) Театр ең алғаш «Аттила» операсы арқылы салтанатты түрде ашылды. Жалған

4,8(16 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

1)Алма шырынының пайдасы

Алма шырынының пайдасы оның құрамында ағзаның иммунды күшін арттыратын А, В, және С дәрумендерінің мол болуында. Алма шырынының құрамында сонымен қатар, биотин, пантотен және фолий қышқылы бар. Соңғысы шаш пен тырнақты қатайтып, жақсы әсер етеді. Онымен қоса, алма шырыны темір, магний және фосфор біріккен минералды заттарға бай. Бұл керемет шырынды жиі ішіп тұратын болсаңыз, ұзақ жылдар бойы есте сақтау мен интеллектуалды қабілетіңізге шағымданбайтын боласыз. Бұл, алма шырынының құрамында бас миы жасушаларының оксидантты күйзелуінің алдын алатын органикалық заттардың болуымен түсіндіріледі.

2)Бұған дейін шалғамның пайдасын кеңінен айтып өткен едік. Адам өмірі үшін аса бағалы дәрумендер мен минералды заттарға бай тағы бір өсімдік – сәбіз. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді.

Пайдалы қасиет сәбіз шырынында көбірек сақталады. Сондықтан да оны кішкентай бөбектер, болашақ және бала емізетін аналар, асқазан, бүйрек, жүрек, қант диабеті ауруына шалдыққан жандардың көбірек пайдаланғаны жөн. Ересек адам күніне 1 стақан сәбіз шырынын пайдаланса, әбден жеткілікті. Тек сәбіз шырыны тұрып қалмауы керек. Ұзақ тұрып қалса, шырынның сапасы өзгеріп, емдік қасиеті жоғалады.

Сәбіздің ағзаға берер пайдасы халыққа ертеден-ақ белгілі. Ежелгі Русь елінде сәбіздің көмегімен тыныс жолдарын, жүрек, бауырды емдеген. Қазіргі таңда ғалымдар сәбіздің құрамындағы әрбір дәруменге кеңінен тоқталып, оның емдік қасиеттерін тарқатып айтуда.

Сәбіз құрамындағы А дәрумені адамның бойын өсіреді, көру қабілеті мен теріні жақсартуға ықпал етеді. Бұл дәрумен жұмыртқа, бауыр және сүт өнімдерінде кездеседі. Сондықтан да, сәбізді осы тағамдармен бірге пайдаланса болады. Сәбізді қаймақпен араластырып пайдаланса, оның құрамындағы каротиннің едәуір бөлшегін адам ағзасы өзіне оңай сіңіре алады.

Еуропа елдерінде сәбізді балмен араластырып сақтайды екен. Мерекелік басқосуларда еуропалықтар бір-біріне балда сақталған сәбіз сыйлайды екен. Бұл «Денсаулығың мықты болсын» деген ниеттің белгісі.

4,6(58 оценок)
Ответ:
FACE229
FACE229
10.02.2021

Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас.

/Таба, нан/.

Үсті темір, асты темір,

Ортасын ал да кемір.

/ Таба, нан/.

Былқ-былқ ,былқ семіз,

Қабырғасы жоқ семіз.

/Қамыр/.

Өзі аппақ қардай,

Шайға салсаң балдай.

/Қант/.

Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.

/Жұмыртқа/.

Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.

/Жұмыртқа/.

Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,

Қайнатса оның суы мұз болады.

/Жұмыртқа/.

Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,

Мың қойым суға жүзеді,

Қойшысы бірге жүзеді.

/Көже мен шөміш/.

Кішкентай құдығымның суы тәтті.

/Жіліктің майы/.

Асты тақтай, үсті тақтай,

Арасында асыл мақтай.

/Жіліктің майы/.

4,8(58 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ