М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ayaulym10
ayaulym10
28.08.2022 12:27 •  Қазақ тiлi

Оқылым

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір ақылды қарияның жалғыз қызы болыпты. Қария бірнеше бөлмелі, жарық,

биік, өте әсем үйде тұрыпты. Үйінің айналасы бау-бақша екен. Қарияның кішкене қызы

бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды. Қыз кірмеген жалғыз ғана бөлме қалады. Ол бөлме

жабық тұрады екен.

Бір күні қыз қарияға:

- Әке, маған жабық тұрған бөлмеге кіруге рұқсат етіңіз. Осы бөлме басқа бөлмелерге

қарағанда, жақсырақ қой деп ойлаймын, - дейді.

- Оның дұрыс, қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың.

Өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы риза боласың, - деп жауап қайтарады

әкесі.

Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қария қызына жабық бөлменің кілтін

ұсынады. Қыз қуанып есікті ашып жібереді. Сонда оның көргені – ұршық пен өрмек және

кітап. Олардан өзге түк жоқ. Қыз әкесіне жылап келіп:

- Әке, сен жабық бөлмеде жақсылардың ең жақсысы бар деген едің. Мен одан ұршық,

өрмек, кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді.

- Міне, жақсылардың жақсысы деген – осылар, қызым! Ұршық пен өрмек болса,

еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң, білім артады. Дүниеде бұдан артық жақсы жоқ. Дүниедегі

мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, - деп түсіндіреді қария.

(180 сөз)

Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.

1. Шығарманың жанрын анықтаңыз.

А) ертегі

B) әңгіме

С) повесть

D) новелла[1]

2. Шығарманың негізгі идеясы қандай?

А) үлкенді құрметтеу

В) баланы тәрбиелеу

С) оқуға шақыру

D) туғандарын сүю[1]

3. Мәтіннен қыздың іс-әрекетін тауып жазыңыз.

[1]

4.

Төмендегі сұрақтарға мәтін бойынша бір сөйлеммен жауап беріңіз.

А) Қария ұршық пен өрмекті не үшін «жақсыларға» жатқызды?

[1]

В) Қария қызына кітаптың маңызын не деп түсіндірді?

[1]

Жазылым

1. Суреттегі Қыз бен Жігіттің сырт бейнесін теңеу мен метафораны қолдана отырып,

сипаттап жазыңыз.

Қыз сипаты Жігіт сипаты

2.«Сәнді киім және жарасымды киім. Қайсысын таңдаған дұрыс?» деген сұраққа 120-140

сөзден тұратын жауап жазыңыз. Топтау сан есімдерін қолданыңыз.[10]​


ОқылымМәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.Жақсылардың жақсысыБаяғыда бір ақылды қ

👇
Ответ:

1.А

2.С

3.Ол жылап әкесіне барады.

4.А) бала тәрбиесі,бала хоббиі,еңбек

в) кітап оқу білім бұлағы

4,8(87 оценок)
Ответ:
8AnnaMur8
8AnnaMur8
28.08.2022

Бірінші сөйлегендікі өте дұрыс

4,8(77 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
RыBкA109
RыBкA109
28.08.2022
(1936-2007) 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957-1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954-1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962-1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972-1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977-1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980-1984 жж. [[Қазақстан Жазушылар одағы]]ның хатшысы, 1984-1986 жж. «Жазушы» ба директоры, 1988-1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XI сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Жазушының алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта әңгімелері мен повестерінің «Менің қарындасым» (1961), «Ауыл оты» (1964), «Көкорай» (1967), «Отау үй» (1968), «Жабайы алма» (1972), «Дос іздеп жүрмін» (1973) жинақтары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы (1981), 1986 және 1991 жж. екі томдығы, 2004 жылы «Ескек жел» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.
4,4(56 оценок)
Ответ:
milla25
milla25
28.08.2022

Шығарма.

80 – жылдардағы айтыс өнері.

Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.

Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай салт – дәстүрімізді дәріптеп, одан әрі жалғастыру керек.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдары ұмыт болып бара жатқан өнер халыққа қайта қызмет көрсете бастады. Жалпы, Тәуелсіздікті дайындаған айтыс өнері болды деп айтсақ артық емес. Сонау советтік дәуірде халықты оятып, рухын көтерді. Сөйтіп, 80-ші жылдары алысқа бармайды деген өнер ХХ ғасырда өз дамуын тапты. Сосын осыншама жылдар аралығында қайта жаңғырып, өнер ретінде өсті. Салыстырмалы түрде қарасақ, 80-жылдардағы айтыс пен қазіргі айтысты салыстыруға келмейді. Өйткені, қазір айтыстың көркемдік, интеллектуалдық деңгейі өсті. Айтыс өнерінің дәрежесі жазба поэзиямен бақталаса бастады. Айтысты көтеріп берген жекелеген азаматтар бар. Кешегі 80-ші жылдары біз бастаған кезде Манап Көкенов, Қалихан Алтыбаев, Көкен Шәкиев, Тәушен Әбуова, Шынболат Ділдебаев деген сияқты ескінің көзін көрген ақындар болды. Енді солардың ізіне жастар ерді.

Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт-дәстүрге ерекше мән беруіміз керек.

4,4(64 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ