Үзіндіні оқығаннан кейін қандай қорытындыға келуге болады? Әділеттің қуанышында шек жоқ! Енді ше?! Айт мейрамында оған су жаңа компьютер сыйлыққа берілді!
Кеше ғана Рамазан айы аяқталып еді, әкесі үйге бірнеше қорапты көтеріп кірді. Бірінде – монитор, екіншісінде – процессор, басқаларында – пернетақта, тышқан, жалғайтын сымдар...
Қораптарды ашқанша тым кеш болып кетті. Әкесі:
Ертең кешке дейін шұғыл істерім бар, үйде болмаймын. Сен бұларға тиіспе. Кешкісін екеуміз бірге қосамыз, – деді.
Таңертең төсектен қарғып тұрған Әділет көз іле алмады. Ұйқыға киетін киімін шешпестен, компьютердің жанына жүгіріп келді. Көптен күткен арманы көз алдында тұрғанда кешке дейін шыдай алсын ба? Ол компьютер алдындағы орындыққа отырды да, қолының батырманы қалай басқанын байқамай қалды. Өйткені компьютер қосуды білетін. Сыныптасы Жарастың үйіне бірнеше рет барып, компьютер ойындарын ойнаған. «Әкем болмаса да қоса аламын ғой! Қалай жұмыс істеуді білемін. Артық нәрсеге тиіспеймін. Тек өзіме таныс ойындарды ғана қосамын!» деп ойлады. Компьютер де тез қосыла қалды. Сүйікті ойынын да оңай тапты. Бірден сол әлемге еніп кетті.
Әділет! – деген анасының даусын естіп, селк ете қалды да, атып шықты.
Сен неге әлі киіміңді ауыстырмағансың? Тісіңді де жумағансың, шашың да таралмаған. Жүр, таңғы ас ішейік. Бүгін қонаққа баратынымызды ұмыттың ба?
Әділет бәрін ұмытқан. Қонақты да, таңғы ас, тіс щеткасы, тарақ – бәрін де. Ол ойынды ғана ойлап тұр.
Анашым, менің қонаққа барғым келмейді. Үйде қалсам бола ма?
Үйде қалу? Неге? Кеше қатты барғың келіп еді ғой. Бармасаң, Әлия әпкең ренжиді. Оған үй шаруаларына, бақша жұмыстарына көмектесіп, жігіт болып қалып едің...
Келесі жолы барамын деп уәде беремін.
Отбасы – сенің туғандарың,ең жақын жандарың.Отбасыда қанша адам бары маңызды емес.Маңыздысы отбасы ішіндегі қарым-қатынас."Отбасының өнегесі – Отан өнегесі" демекші,отбасындағы тәрбие ертең ел болашағында үлкен рөл атқарады.Сондықтан да,отбасының бақытты болуы аса маңызды.Осы кезде "бақытты отбасы қандай болуы керек?" деген сұрақ туындайды.
Бақытты отбасында,ең алдымен,түсіністік пен сыйластық болуы керек.Отбасындағы адамдар бір-бірімен түсініспесе жанжалдар тууы мүмкін.
Екіншіден,әрине,отбасы мүшелері бір-біріне қол ұшын созуға,қолдауға дайын болуы қажет.Бала сабақ оқудан қиналса,барынша көмектес,түсіндір.Ана жұмыстан шаршап келіп,үй шаруасына кірісіп жатса,оған да қол ұшын соз.Және отбасы мүшесі алысқа кетсе,хабарлап,жағдайын сұрасып тұру керек.
Үшіншіден,отбасында үндестік орнаса,ол отбасы бақытты саналмақ.Яғни,жағдайлары жақсы болса және жоғарыда аталып кеткендей қағидалардың бәрі сақталып,үндессе отбасы нағыз бақытты отбасы болады деп білемін
Объяснение: комеги тиди деп ойлаймын